КРЕМЛЬ ТӘЖІКСТАНДЫ ОДАҚҚА ҚОСЫЛУҒА МӘЖБҮРЛЕУДЕ

Dalanews 24 янв. 2015 01:41 886

eurasianet.org_

Кремль мигранттарға қатысты жаңа заң қабылдағалы Тәжікстаннан маза кетті.

Жаңа жылдан бастап Ресейде Еуразия экономикалық одағына кірмейтін елдерден келетін мигранттарға қатысты жаңа заң күшіне енді. Бұл әсіресе Өзбекстан мен Тәжікстанның азаматтарына ауыр тиеді: оларға орыс тілі мен орыс тарихынан емтихан тапсыруға және жұмысқа орналасу үшін бұрынғыдан бірнеше есеп қымбат патент сатып алуға тура келеді.
Тәжікстаннан келетін еңбек мигранттарының 72 пайызы жұмысты Ресей астанасынан іздейді.

 Ал бұл Тәжікстан экономикасына үлкен соққы. Сыртта еңбек ететін тәжік мигранттарының елге жіберетін табысы аталған елдің ішкі жалпы өнімінің (ІЖӨ) жартысын құрайды және Тәжікстанның бір жылдық бюджетінен асып түседі.

таджик (1)Дерек бойынша, әлемнің әр түкпірінде еңбек ететін (оның ішінде Ресей де бар) 6 миллион өзбек мигранты отанына Өзбекстан ІЖӨ-сінің төрттен бір бөлігіне тең келетін ақша жібереді екен. Ал Ресей Федералды көші-қөн қызметінің дерегінше, еңбек мигранттарына қатысты заң қабылданғалы бергі екі аптаның аралығында елге кірген азаматтардың саны 70 пайызға қысқарған. Сарапшылардың пікірінше Кремль осы әрекеті арқылы Орта Азия елдерін Еуразиялық одаққа кіруге мәжбүрлеуде.

Парвиз МУЛЛОДЖАНОВ, тәжік саясаттанушысы:

Парвиз МУЛЛОДЖАНОВКремльдің интеграциялық жобасына қатысқысы келмеген елдерді Мәскеу осылайша «жазалап» жатыр. Бұл Ресейдің бұрыннан бергі пысықтап, ойластырып жүрген жоспары. Тәжістан Президенті Емомали Рахмон тәжік территориясына әскер орналастырғаны үшін Мәскеуден ақы төлеуді сұрағанда, ресейлік саясаттанушылар Ресей аумағындағы тәжік мигранттарын елден шығаруды талап еткен болатын.  Ал еңбек миграциясы Орта Азиядағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие.
 2014 жылы Ресей елде заңсыз жүрген және әкімшілік заңбұзушылықтарға барған 200 мың тәжік азаматын отанына жіберген.

 Ал ресейлік ресми өкілдер өз сөздерінде Тәжікстанның ЕЭО-ға кіретінін бірнеше рет аңғартқан еді. РФ халықаралық істер комитетінің мүшесі Игорь Морозовтың пікірінше, Тәжікстан 2015 жылдың аяғына дейін Еуразиялық Одаққа енеді.

Константин ПАРШИН,


АҚШ


Рекомендовать
Последние новости