Кітапханасыз университет болмайды                                                              

Dalanews 24 янв. 2015 02:12 1213

 Нұргүл   Имансыдықова,                                                              

 Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми кітапханасының директоры

[caption id="attachment_8769" align="alignleft" width="382"]Китапхана Нұргүл Имансыдықова[/caption]

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасы   республикадағы аса ірі педагогикалық кітапханалардың бірі болып саналады. Ғылыми кітапхана - 1928 жылы оқу орнымен қатар құрылған. Университеттің оқу, ғылыми, тәрбие үрдістерін қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ететін, әр түрлі оқырманның тобына және жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімдеріне ақпараттық қызмет көрсететін6 студенттердің, профессор-оқытушылардың мәдени және рухани орталығы деуге болады.

86 жылдық тарихы бар Ғылыми кітапхананың 1 600 000-нан асатын кітап қорында әр ғылым саласы бойынша оқулықтар, монографиялар, көркем әдебиеттердің тамаша үлгілері,  ХVII-ХIХ ғасырларда жарық көрген сирек кездесетін әдебиеттер жинақталған.

 Жыл сайын жалпы кітапхана қоры 50 000 данаға жуық әдебиеттер мен мерзімдік басылымдармен толықтырылады. Соның ішінде университеттің «Ұлағат» баспасынан оқытушылардың әр пәнге арналған оқу-әдістемелік кешендері, оқу құралдары, монографиялар, т.б. кітапхана қорын үздіксіз толықтырап отырады. Кітапхана қызметкерлері барлық институттардан жұмыс-оқу жоспарларын, студенттер контингентін жинақтап, әр мамандықтағы негізгі пәндер бойынша кітаппен қамтамасыз етуді анықтау мақсатында мониторинг  жүргізіп келеді. Нәтижесінде кітаппен қамтамасыз етілуі төмен пәндер анықталып, оларды оқытатын кафедралармен  тығыз жұмыс істеудеміз.  

Қазір жоғары оқу орны кітапханалары «кітап қорын барлық құжатпен жинақтай беру» принципінен гөрі, «студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылардың сұранысын қанағаттандыратын құжаттармен толықтыру» принципіне өтуі қажет. Өйткені, Болон үдерісіне сәйкес университеттер студентке оқылатын пәнді таңдау, оқудың формасын, бақылау шараларының бөліну мүмкіндігін ұсынып отыр. Осыған орай кітапхана университеттің 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясына негізделіп жұмыс істейді.

 Жоғары оқу орны кітапханасының стратегиялық мақсаты – ақпараттық ресурстарды пайдаланушылардың барлық топтарына бірдей барынша қолжетімді болуы. Бұл мақсатқа жетудің маңызды құралы – заманауи электрондық кітапхана немесе оқу залы. Осыған орай біздің ғылыми кітапханада электронды кітапхана жасалып, оны пайдаланатын оқырмандар саны жылдан жылға қарқынды өсуде.

Электронды кітапхана локальды желі ішінде барлық кітапхана оқырмандарына ұсынылған. Оқырмандарға жекелей толық мәтінді мәліметтер қорынан тұратын электронды каталог (жазу саны – 90 000) қызмет етуде. Ғылыми кітапхананың толық мәтінді мәліметтер қорында: PDF форматындағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік кешендер, СD және DVD дискілеріндегі оқу басылымдары, оқу-әдістемелік журналдар, университет профессор-оқытушылары құрамының интерактивті мультимедиялық оқулықтары, университет бағытына байланысты мерзімді басылымдардан жасалған мәліметтер қоры, газет және журнал мақалаларының толық мәтінді базасы жинақталып, толықтырылуда.
Ешқашан да кітапхана қорлары қазіргі күндегі сияқты ашық болған емес. Жаңа технологиялар сұранымды жіберу, ақпаратты алу мен жеткізу үдерістерін жеңілдетеді. Қазіргі ұрпақ компьютерлермен бірге өсіп келеді және виртуальдық ақиқатта өздерін еркін сезінеді. Ол үшін Web – тек ақпарат дерекнамасы ғана емес, сонымен бірге араласу, қызметтестік пен өз ойын білдіру орыны іспетті. Бұл кітапханаларды қызмет көрсету үшін инновациялық шешім табуға және оқырман үшін қолайлы тәсілдерді пайдаланып қызмет көрсетуге мәжбүр етеді.

Кітапхана оқырмандары Internet ақпараттық желісімен қоса, мемлекеттік және орыс тілдерінде ҚР заң актілерінің "Параграф" ақпараттық базасын пайдалана алады. Сонымен қатар оқырмандар сыртқы электронды ресурстарды: Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындары Ассоциациясының Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапханасын,  Қазақстан Республикасы ұлттық академиялық кітапханасының, Қазақстандық виртуалды ғылыми кітапхананы, «Шпрингер» және «Томпсон», «Полпред», «Лань баспасы», «Эльзевир»толық мәтінді ресурстар қорын пайдаланып келеді.

Кітапханамыз еліміздегі заманауи ғылыми кітапханалардың бірі болғандықтан, оқырмандарға дәстүрлі басылымдарды да, электронды басылымдарды да, Интернет желісін де ұсынып келеміз.

Интернет – шынымен қажеттілігі жоғары, танымал, жаңа дүниелерді іздеуде таптырмас құрал. Алайда дәстүрлі, кітапханалық оқулықтың өзіне тән артықшылықтары бар. Өйткені, олар оқу үрдісінің ажырамас бөлімі. Оқулық студентке қандай қажет болса, оқытушыға да сондай қажет. Оқулық пән туралы жалпы мағлұматты қалыптастырады. Дегенмен, ақпарат құралының қай түрін таңдау әр оқырманның өз еркі.

  iiii1       Ешқашан да кітапхана қорлары қазіргі күндегі сияқты ашық болған емес. Жаңа технологиялар сұранымды жіберу, ақпаратты алу мен жеткізу үдерістерін жеңілдетеді. Қазіргі ұрпақ компьютерлермен бірге өсіп келеді және виртуальдық ақиқатта өздерін еркін сезінеді. Ол үшін Web – тек ақпарат дерекнамасы ғана емес, сонымен бірге араласу, қызметтестік пен өз ойын білдіру орыны іспетті. Бұл кітапханаларды қызмет көрсету үшін инновациялық шешім табуға және оқырман үшін қолайлы тәсілдерді пайдаланып қызмет көрсетуге мәжбүр етеді.

Университте әр құрылым қызметкерлеріне, тәрбие жетекшілеріне 8-10 студенттен бекітіліп берілген. Бұл шараға да ғылыми кітапхананың қызметкерлері араласып келеді. Тәрбие жетекшісі әр студентпен жеке-жеке жұмыс істейді, яғни сабақ үлгері­мін қадағалайды, сабақтан тыс уақы­тында қайда баратынын, немен айна­лы­сатынын, тіпті отбасылық жағ­дайы­на дейін біліп, әр баланың ата-анасы­мен хабарласып отырады. Жүйелі түрде тәрбие жұмысын жүргізеді. Міне, мұның өзі шәкірттердің білім деңгейінің артуына, бүкіл оқу-тәрбие ісінің жақсаруына үлкен септігін тигізіп отыр.

  Университеттің профессор-оқытушылар құрамына берілетін ақпарат неғұрлым толық, жан-жақты болып, ұсынылатын қызметтер олардың күткен талаптарына сай болуы кітапхана беделінің тұрақталуына және өсуіне көп септігін тигізеді. Осыған орай әр оқу жылының басында университеттегі 11 факультет оқытушыларына арнайы «Кітапхана күнін» ұйымдастырылып, кітапханаға жаңа түскен әдебиеттер көрмесі, арнайы слайдтар, баяндамалар дайындалады. Сонымен қатар оқытушылардың талап-тілектері тыңдалып, ары қарай ұжымда талқыланады. Студенттер қауымының эмоциясы басым, кітапхана қызметкерлерінен өзіне көп назар аударуды, сыпайылықты, қойылған сұраққа нақты және төзімділікпен жауап қайтаруын күтеді. Осыған байланысты әр факультет студенттерімен кездесулер «Ашық есік» күні, «Еркін микрофон» өткізілуде.
Біздің әр күні жасаған  жұмысымыз арғы болашағымызды айқындайды. Біздің болашақтағы орнымыз, бүгінгі істі қандай және қалай жасағанымызға байланысты. Бұл тұжырым Қазақстан жоғары оқу орны кітапханаларына да қатысты. Кітапхана жұмысының басым бағыттарын таңдау, мәселелелерді шешудің нақты шешімдерін таба білу тек кітапханаларға ғана емес, жалпы Қазақстан жоғары мектебінің тағдырына әсер етеді.

Қазіргі уақытта кітапхананы - әлеуметтік институт, кітапханалық қызмет көрсетуді – жеке  тұлғаны әлеуметтендіру бойынша жүргізілетін іс-шаралар деп қарау түсінігі кең тарауда.

  ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде ғылыми кітапханамыз Алматы қаласы және Алматы облысындағы: Есік, Қаскелең, Жаркент, Талдыкорған қалаларындағы гуманитарлық бағытта орта және жоғары білім беретін оқу орындары кітапханаларының әдістемелік орталығы болып табылады. Бұл орталыққа 12 жоғары және 11 арнаулы орта білім беретін оқу орындарының кітапханалары қарайды. Оларға үнемі әдістемелік көмек көрсетілуде, жыл сайын әр кітапханадан жылдық есеп, жоспарлар жинақталады, кітапхана қыз­метіндегі инно­ва­циялар, өзекті мәселелер  бойынша «дөңгелек үстелдер» , түрлі семинарлар  ұйымдастырылып тұрады. Осылайша, біздің кітапхана мамандары өздерінің күнделікті жұмысымен қатар әдістемелік орталықтың да жұмысын абыроймен атқарып келеді.

9BRc2Jq9iEaa9DqhUs8SjG4i8zPi9BБіздің әр күні жасаған  жұмысымыз арғы болашағымызды айқындайды. Біздің болашақтағы орнымыз, бүгінгі істі қандай және қалай жасағанымызға байланысты. Бұл тұжырым Қазақстан жоғары оқу орны кітапханаларына да қатысты. Кітапхана жұмысының басым бағыттарын таңдау, мәселелелерді шешудің нақты шешімдерін таба білу тек кітапханаларға ғана емес, жалпы Қазақстан жоғары мектебінің тағдырына әсер етеді. Кітапханасыз университет болмайды, өйтені жоғары оқу орнындағы білім сапасы  оның ақпараттық-құжатпен қамтамасыз етілуіне, кітапхана қорына тәуелді.

 

 

Рекомендовать
Последние новости