Көркем гимнастика – денсаулық және сұлулықтың кепілі

Dalanews 24 окт. 2018 11:25 2527

Күні кеше ғана Түркістан облысы Кентау қаласының Б.Саттарханов атындағы БЖСМ-де Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасының «Рухани қазына» кіші жобасының «Ұлттық спорт» бағдарламасы аясында ең әдемі спорттың түрі – көркем гимнастикадан Кентау қаласының ашық біріншілігі өтті.

Көркем гимнастика тек қана қыздар айналысатын спорт түрі болғандығына қарамастан жер жүзінде бұл спорт түрінің жанкүйерлері басқа спорт түрлерінің жанкүйерлерінен аз емес.

Музыка сазымен арнаулы затпен (лента, доп, шеңбер) немесе затсыз гимнастикалық жаттығулар комбинациялары орындалатын қыздар арасындағы жарыс. Көркем гимнастика шұғылданушылардың дене сұлулығын қалыптастырып, эстетикалық тәрбие береді.

Онда толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп, бұралу, денені тік ұстау, би өнеріне тән жүріс, жүгіріс, секіру, халықтық би мен шалқыма би басым келеді. Көркем гимнастика эстетикалық мінез ережесін сақтауды оқытады, дене сұлулығы туралы түсінікті қалыптастырады.

Қазіргі таңда Кентау қаласында тұлымшағы желбіреген қыздардың көркем гимнастикаға деген қызығушылығы жоғары. Олардың көпшілігі бұл салада үлкен белесті бағындырған, даңқты жерлестері Әлия Жүсіпованың жолымен жүріп, еліміздің атын әлемге паш етуді мақсат тұтқан. Болашақта бұл жеткішектер арасынан чемпиондар шығып, тұтас Түркістан облысының көз қуанышына айналастына сенімдіміз. Қалада өткен көркем гимнастикадан ашық біріншілік жас гиманстардың бұғанасын қатайтып, өз ара күш сынасып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік туғызды. Шараны ұйымдастырушылар мұндай спорттық бәсекелер жастардың басын қосып, тәжірибесін шыңдай түсетінін алға тартты.

 

«Dalanews» ақапарат

Рекомендовать
Последние новости