Каспий жағалауында тағы бір АЭС салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның айтуынша, елдің батыс өңірінде де атом станциясын тұрғызу мәселесі қарастырылып жатыр.
"Батыс Қазақстан мен Каспий маңы шағын және орта қуатты реакторлары бар атом электр станциясын орналастыруға әлеуетті аймақ ретінде қарастырылып жатыр. Дегенмен нақты орын әзірге бекітілген жоқ, алдағы уақытта зерттеу жұмыстары жүргізіледі", – деді агенттік басшысы.
Еске салайық, бұған дейін екінші АЭС Алматы облысының Жамбыл ауданында салынуы мүмкін екені хабарланды.