Freedom Inside '26

Екінші АЭС Алматы облысының Жамбыл ауданында салынуы мүмкін

Екінші АЭС Алматы облысының Жамбыл ауданында салынуы мүмкін
Dalanews.kz коллажы

Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, мемлекеттік комиссия атом электр станциясын салуға арналған екінші әлеуетті аумақты анықтаған. Ол – Алматы облысының Жамбыл ауданы. Осылайша екі станция да елдің оңтүстігінде орналаспақ, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, бұл өңірде екі АЭС салынуы энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Қазақстан конкурстың барлық қатысушысымен келіссөздерді жалғастырып жатыр.

Қытайдың CNNC корпорациясына қатысты түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ, дегенмен ұсынылған шарттарды ескере отырып, ол басым серіктес ретінде қарастырылып отыр.