Канелоны "сабаған" қолғап Алматыда аукционға қойылмақ

Dalanews 30 мая 2024 18:03 2038

Канелоны "сабаған" қолғап Алматыда аукционға қойылмақ, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Assyltas қоғамдық қоры әлемге танымал мексикалық боксшы Канело Альвареске қарсы тұрған қолғап пен қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның қолтаңбасы қойылған теннис добын ойнатады.

1 маусым күні 19:00-де @has_pro_boxing ұйымдастыруымен өтетін бокс кешіне қатыса отырып, сонымен қатар Елена Рыбакинаның қолтаңбасы қойылған теннис добы мен арнайы спорттық формасын сатып алу мүмкіндігіне ие бола аласыздар. Аукционнан түскен қаражатты Assyltas қоғамдық қоры көмекке мұқтаж егіздердің еміне жұмсайды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 1 маусымда Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді.


Рекомендовать
Последние новости