Журналистердің заң аясында ерекше мәртебесі болуы керек – Сейітқазы Матаев

Dalanews 28 февр. 2023 08:15 900

Бүгінде елімізді бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын реттейтін заң жобасы талқылануда. Осыған дейінгі заңнамаға жүздеген өзгертулер енгізіліп, заман талабына жауап бермейтін деңгейге жеткен еді. Ендігі жерде бұл заңды жамап-жасқап жұмыс істеу тіпті мүмкін емес. Осы ретте Dalanews.kz ақпарат агенттігінің тілшілері Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаевқа хабарласып, қоғамда кеңінен талқыланып жатқан заң жобасына қатысты пікірін білген еді. Енді соған назар аударсаңыздар.

 

Сейітқазы мырза, әдетте журналистер билік пен халық арасын жалғайтын алтын көпір деп айтып жатамыз ғой. Бірақ соңғы 30 жылда екі тараптың арасы біршама алшақтап кеткені жасырын емес. Осы ретте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жаңа заңнаманы әзірлеп, оның журналистердің талқысына салып, бірлесе дайындап жатқанын білесіз? Журналистердің өз қызметін заман талабына сай атқартын күн туа ма?

– Жасыратын дүниесі, билігі, қаржысы бар адамдар әрқашан журналистерді ұнатпайтыны белгілі. Бірақ соңғы уақытта тілішлерге, операторларға жұмыс істеуге жиі кедергілер жасалып, қоқаң-лоққы көрсеткен жағдайларда орын алды.

Мәселен базарларда, сауда орталықтарының, тіпті кейде Мемлекеттік мекемелердің күзетшілері өздерін журналистерге шабуыл жасауға, камераларды жабуға немесе тіпті сындыруға дейін барып жататыны жасрын емес.

Ал төртінші биліктің өкілінің жұмысына кедергі келтіру еліміздің Конституциясымен тыйым салынған. Дегенмен журналистер мына жайттарға  абай болса деймін.

Мәселен Мемлекеттік құпиялар, зорлық-зомбылық туралы қылмыстық істерге немесе қылмыс жасалған балаларға қатысты мәліметтерді жариялауға қарсымын.


Мұның бәрі заңдарда жазылған. Журналистер  жақсы біледі. Олар өздерінің мақалалары мен сюжеттерін нақты фактілерге – ашық көздерден алынған ақпаратқа, өз сюжеттерінің кейіпкерлері ұсынған мәліметтерге сүйеніп әзірлейді.

Әрине, әлеуметтік желілерденде қандайда бір ақпарат алсада, олар  БАҚ туралы заңның негізінде жұмыс атқарады. Ал  қосымша тыйымдар мен шектеулер қандай болуы мүмкін? Бізге осы мәселені кеңінен талқылауымыз керек.

– БАҚ өкілдерінің жұмысына кедергі жасау жиі кездесетіні жасырын емес. Мұнымен қалай күресуіміз керек? Осыған қатысты өз ойыңызды ортаға сала кетсеңіз.

– Бұл ретте ол «Қылмыстық кодексте» журналистердің қызметіне кедергі келтіргені үшін бап бар.

Белгілі  блогерлер сауатты, заңды жақсы біледі. Заң олардың қызметін бөлек реттемесе де, олар барлық басқа азаматтар сияқты ойын ашық білдіруге құқылы.

Егер блогер немесе журналист суретке түсірсе немесе жарияласа және ол заңды бұзбаса, онда оған ешкімнің кедергі жасауға құқығы жоқ.


Ал БАҚ өкіліне қарсылық көрсетіліп жатса, онда қылмыстық кодексте  ол жайлы арнайы бапта бар екенін ұмытпауымыз керек.

Жақында журналистің жұмысына кедергі келтірген адамға Петропавл қаласыңда айыптау үкімі шығарылды. Бірақ бұл 18 жылдағы алғашқы оқиға болды.

Осы жылдар ішінде журналистердің қызметіне қанша рет кедергі болды? Біздің  баспасөз орталығымызда  баспасөз мәслихаттары өтіп жатқанда, полиция іс-шараға келген журналистердің, операторлар мен корреспонденттердің көліктерін тексеріп, баспасөз залына кіргізбеуге тырысты, спикерлердің қарсыластары бөтелкелер мен жұмыртқаларын лақтырған кездері болды. Мұндай оқиғаға талай рет куә болдым.

– Сейтқазы мырза, сіздің мазаңызды алып жүрген, қоғамда сөз бостандығын шектейтін басқа да жайттар бар ма?

– Бар. Айталық, бүгінде шенеуніктер түсініктеме бермейді, журналистерден қашады, жауаптардан бас тартады, сұрауларға жауап бермейді, түсірілімге, оның ішінде қоғамдық орындарда да рұқсат талап етеді.

Ал журналистер қоғамның  игілігіне жұмыс істеп отыр емес пе?

Егер олар шенеуніктің құқық бұзушылық жасағаны немесе өзін әдепсіз ұстағаны туралы хабарласа, келесі жолы ол өзін дұрыс жағынан көрсетуге тырысып, сұхбатқа дайындықпен келетін болады.


Міне, басшылар журналастердің сынынан жасқанғандықтан, бәлкім БАҚ-ты төртінші билік деп атайтыны анық. Жаңа заң төртінші билікті өз тұғырына қондыруы керек деп есептеймін.

– Жаңа заңда журналистерге ерекше мәртебе беру мәселе көтерілегненін білесіз? Бірақ журналитер бұл бастаманы қостаса, енді бірі мұнымен келіспейтіндерін ашық айтуда. Сіздің бұл мәселеге қатысты көзқарасыңызды білуге бола ма?

– Әрине болады. Егер БАҚ төртінші билік болса, онда журналистердің тиісті мәртебесі болуы керек.

Судьялар – сот билігінің өкілдері. Олардың ерекше мәртебесі бар. Құқық қорғау органдары – атқарушы билік. Олардың ерекше мәртебесі бар.

Депутаттар – заң шығарушы биліктің өкілдері. Олардың да мәртебесі бар.

Ал журналистерде өкінішке орай ешқандай мәртебе жоқ. Менің ойымша, журналистердің заңнамалық деңгейде бекітілген ерекше мәртебесі болуы керек және олардың жұмысына кедергі келтіргені үшін, цензура енгізгені үшін, сөз бостандығын бұзғаны үшін жазаны күшейту керек.


Сол кезде біздің еліміздегі журналистика шынымен де төртінші билік болады.

Сұхбаттасқан Қуаныш Смағұл 

Рекомендовать
Последние новости