Жыл басынан бері KASE индексі 23,5 %-ға өсті

Кәмшат Тілеухан 16 окт. 2024 17:01 2102

Жыл басынан бері KASE индексі 23,5 %-ға өсті, ал ІІІ-тоқсандағы өсімі 0,4% құрады. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 290,8 трлн теңгені ($633,7 млрд) қамтыды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тоғыз ай ішінде Қазақстан қор биржасы жариялаған акциялар бойынша жасалған мәмілелердің жалпы көлемі 102,6 млрд теңгені құрады. Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ның жай акцияларына тиесілі: 16,7 млрд теңге, бұл ірі мәмілелер мен тұрақсыз сипаттағы мәмілелерді есепке алмағанда жария акциялар сауда-саттығы бойынша жалпы көлемнің 16,3% үлесін құрайды.

KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін акциялар бағамындағы өзгерістер  

Индекс тізіміндегі 10 компанияның жетеуі 2024 жылдың тоғыз айын жасыл аймақта жапты.

Өсімнің негізгі драйвері "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың 95,0% баға қосқан жай акциялары болды. S&P Global Ratings агенттігі аталған банк рейтингін болжамды "Тұрақтыдан" "Жағымдыға" көтерді, сондай-ақ ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелік рейтингін "BB-/B"деңгейі деп белгіледі. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Банк ЦентрКредит" АҚ-ға "BCC Life" Өмірді сақтандыру компаниясы"АҚ сақтандыру ұйымын құруға рұқсат берді.  

"Кселл" АҚ телекоммуникация секторы өкілінің жай акцияларының құны 63,6%-ға өсіп, биржадағы екінші орынды иеленді. Компания акционерлер құрамында өзгеріс болғанын хабарлады: ірі акционерлердің құрамына "KC HOLDING LTD"жеке компаниясы енді.

2024 жылдың тоғыз айында жай акцияларының құны 28,1%-ға өсіп, 209,60 теңгеге дейін жеткен "Қазақстан Халық банкі" АҚ көшбасшылардың үштігін түйіндейді. Банк 2024 жылдың 30 маусымында аяқталған алты айдың қаржылық нәтижелерін жариялады. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы пайыздық кірістер 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 29,7%-ға өскен. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы несиелік шығындар бойынша таза пайыздық кірістерден бастап шығыстарға дейін 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 32,1%-ға өсті. 

Kaspi.kz АҚ-тың жай акцияларының бағасы жыл басынан бері 23,8%-ға өсті. Қыркүйек айының соңында компанияның NASDAQ-тағы акциялары 23%-дан асаға  төмендеп, 91 долларға дейін түсті, бірақ кейіннен 99 долларға қайта көтерілді. Fitch Ratings агенттігі аталған компания рейтингі бойынша "Тұрақты" болжамын, сондай-ақ "BBB" деңгейінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелік рейтингін растады.

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы "АҚ Ақтөбе облысындағы" Қаражар " учаскесіндегі кен орнын барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша өзгерістер енгізілгенін хабарлады. ҚМГ 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндіріске қатысты есебін жариялады. Оңае сәйкес, мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 1,1%-ға өсіп, 11 989 мың тоннаны құрады, ал мұнай тасымалдау көлемі 6,2%-ға ұлғайып, 41 733 мың тоннаны қамтыды. "ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ-тың жай акцияларының бағасы жыл басынан бері 20,4%-ға өсті.  

Биржаның деректері бойынша, KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі тоғыз айда 290,8 трлн теңгені құрады және 2023 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда  2,6%-ға немесе 7,5 трлн теңгеге өсті. Акциялар нарығын капиталдандыру 17,8%-ға  немесе 4,7 трлн - 31,5 трлн теңгеге дейін өсті.

 2024 жылдың басынан бастап ресми KASE-нің ресми тізіміне 69 эмитенеттің 151 атаулы бағалы қағаздар енгізілді, оларың 22-сі алғаш рет листинг процедурасынан өтті. 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша KASE-нің сауда-саттық тізімінде 256 эмитенттің 725 атаулы мемлекеттік емес бағалы қағаздары бар.

 


Рекомендовать
Последние новости