Көмір неге қымбат? Modern Trading Solutions тауар биржасына қатысты тергеу басталды

Кәмшат Тілеухан 16 окт. 2024 11:44 1829

"Modern Trading Solutions" тауар биржасына қатысты тергеу шаралары қолға алынды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, биржа коммуналдық-тұрмыстық көмірмен сауда-саттықты ұйымдастыру кезінде нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдаланды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Бұзушылық белгілері сауда-саттық сессиясына алдын-ала қол жеткізуді қамтамасыз етіп, сондай-ақ нарықтың жекелеген субъектілеріне есептік жазбаны бұғаттау арқылы сауда-саттыққа қатысуды шектеуде көрсетілген заңсыз артықшылықтар берілген", делінген агенттіктің 2024 жылы 16 қазанда жарияланған хабарламасында.

Айта кетсек, Қазақстан тауар биржаларына жосықсыз қатысушылардың тізімін құруға ниетті. Осы сипаттағы заң жобасына депутаттар бастамашы болды. Ол Мәжілісте бірінші оқылымда қабылданған болатын.

Сондай-ақ Қазақстанда көмірдің бір тоннасының бағасы әр өңірде әртүрлі екені белгілі. Қыс мезгілі таққағанда баға спекульятивтік жолмен өсе түсетіні белгілі. Жеке тұлғалар үшін бастапқы баға әдетте, 16-18 мың теңгеден басталып, ақырында ол 25-30 мың теңгеге дейін барады. 2024 жылдың тамыз айында ҚР Өнеркәсіп жне құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов көмірдің бір тоннасы әр өңірге байланысты 8 мың теңгеден басталып, 26 мың теңгеге дейін баратынын айтқан. Бұл арадағы 8 мың теңге кеніш басындағы баға екенін баса айта кетелік.


Рекомендовать
Последние новости