Жетісуда қант қызылшасының көлемі 84 мың тоннаға жетпек

Dalanews 20 авг. 2020 11:23 1094

Қазіргі таңда  Алматы облысына қарасты Көксу ауданында 153 шаруа қант қызылшасын өсірумен айналысады.  Аудан бойынша 2407 гектар жерге дақыл егілген.  Бөлінген жерден 84 мың тонна өнім алынады деп күтілуде.

– Өткен жылы 80 мың тонна қант қызылшасы алынған. Жеке шаруа қожалықтарынан өнім көрсеткіші әр гектарына 350 центнерден айналады деп болжануда, – дейді Көксу ауданы әкімдігінің  баспасөз қызметі .

Қызылша Көксу қант зауытында өңделеді. Бүгінгі күні өндіріс аймағында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Зауытты жаңа жұмыс кезеңіне дайындауға 200 адам жұмылдырылған.


– Қазіргі кезде шикі қантты өңдеудің технологиялық желілерін енгізу бойынша жұмыстар аяқталуда. Алдағы уақытта қондырғыларды бағдарламалық қамтамасыз ету және суда схеманы сынау үшін «Техинсервис Инвест» ЖШҚ мамандары келеді, – дейді Көксу қант зауытының директоры Алтынбек Аббатов.

Бүгінде Көксу, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ аудандары мен Талдықорған, Қапшағай қалаларындағы шаруа қожалықтарының қызылша алқаптарын таксациялау жұмыстары жүргізілуде.

Анар САБЫРОВА

Рекомендовать
Последние новости