Жетісу облысында «GreenSteppe» экологиялық акциясы өтті

Ақтоты Жапатова 12 мая 2025 15:38 189

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Текелі қаласында жастардың қатысуымен «GreenSteppe» атты экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz

Іс-шараның мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және жастарды экологиялық бастамаларға белсенді түрде тарту. Бағдарлама аясында қаланың туристер жиі баратын табиғи аумақтарында қоқыс уақыт-уақытымен жиналып, негізгі демалыс орындары мен маршруттар қамтылды. Акция барысында жоспарлы түрде бірнеше аумақты тазалауды көзделген.

- Бүгін біз маңызды әрі мағыналы шарада бас қосып отырмыз. «GreenSteppe» экологиялық акциясы – бұл тек табиғатты тазарту ғана емес, сонымен қатар жастардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған бастама. Әрбір белсенділік – бұл Жетісудың экологиялық болашағына қосқан үлес, - Жетісу облысы Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Арнай Рақымберліұлы.

Жыл басынан бері Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жоспарланған барлық іс-шаралар белсенді түрде өткізілуде. Жалпы сенбіліктер мен экологиялық акцияларға 17 мыңнан астам адам қатысып, 295 техника жұмылдырылды, 1 209 тонна қоқыс шығарылды, 132 саябақ пен сквер тазартылып, 17 мыңнан астам қылқанжапырақты және жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды.


Рекомендовать
Последние новости