Жетісайда әлеуметтік нысандар салу ісі қарқын алды

Dalanews 20 дек. 2018 07:41 883

Түркістан облысында қайтадан құрылған Жетісай ауданында қазір түрлі әлеуметтік нысандар салу жұмыстары рет-ретімен қолға алынып жатқанын Түркістан қаласында журналистермен кездескен ауданы әкімі Жамантай Бейсенбаев айтып берді.

Бүгінде Жетісай ауданында 2 әлеуметтік нысанның жоба сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қортындысы алынып, құрылыс жүргізу үшін қаржы қарастыру мақсатында салалық басқармаларға жіберіліпті.

Сонымен қатар, 3 мектеп құрылысын салу үшін жоба сметалық құжаттамасы әзірленіп жатықынын әкім мырза алға тартты.

– Ауданда денсаулық сақтау нысандарының да құрылыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, биыл ауданымызда 3 модульдық медициналық тректердің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, Жетісай қаласындағы жедел жәрдем көрсету стансасы мен ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана құрылысы жалғасуда. Аталған нысан 2019 жылы ел игілігіне берілгелі отыр. Нысанның сметалық құны 1 млрд 738 млн теңге. Бұдан бөлек, 2019 жылы Жаңаауыл округі Қараой елдімекенінде жалпы құны 89 млн 627 мың теңгені құрайтын ФАП-тың құрылысын бастау жоспарланып отыр. Дәл осындай ФАП құрылысы Жылысу ауыл округі  Баққоныс елдімекенінде де басталатын болады. Бұл мақсатқа 87 млн 623 мың теңге бағытталмақ, – деді аудан әкімі.

Рекомендовать
Последние новости