Жер қойнауын заңсыз пайланған Долгалевке қатысты тергеу жүруде

Нұрлан Жұмахан 15 февр. 2024 17:36 2395

3 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің қызметкерлері «Тиолайн» компаниясының иелерінің бірі Виктор Долгалевті жер қойнауын рұқсатсыз пайдаланғаны үшін ұстап, сот санкциясымен қамауға алынды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қылмыстық іс одан әрі тергеу үшін ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне жіберілді. Сондай-ақ, В.Долгалевке қатысты аса ірі көлемде кіріс алу арқылы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін тергеу жүргізілуде.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2021 жылдың наурыз айында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі компанияның 38 млрд теңгеге қаржылық және инвестициялық міндеттемелерін орындамауына байланысты «Обуховское» кен орнында жер қойнауын пайдалану бойынша келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатқан.

Жоғарғы Сот құзіретті органның іс-қимылдарының заңдылығын растады.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 маусымында сот шешімімен В.Долгалевке «Тиолайн» компаниясының мүлкін басқаруға тыйым салынды.

Осыған қарамастан, В.Долгалев өзінің бақылауындағы құрылымдар арқылы заңсыз тау-кен өндірісін жалғастырып, Қытайға және басқа елдерге заңсыз жолдармен экспорттаған. Тек үш жыл ішінде (2021-2023 жж.) 113 мың тоннаға жуық кен экспортталыпты.

Маманның қорытындысы бойынша қылмыстық табыстың жалпы сомасы 26 млрд теңгеден асты. Бұл қаражатқа еншілес тұлғалар арқылы кен орнына іргелес жатқан 7,5 мыңға жуық гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер сатып алынып, ол жерде де заңсыз кен өндіру жүргізілген. Сонымен қатар, 2 млрд теңгеге бюджетке төленетін салықтар мен төлемдерден жалтару фактілері анықталды.

Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

 


Рекомендовать
Последние новости