Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдікті ұсталды

Сағыныш Сардарова 01 февр. 2024 19:28 5497


"Жедел жәрдем" жүргізушісін ұрған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

1 ақпанда Қарағанды облысында Бас прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласындағы жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақатын салған оқиға бойынша күдікті Дакебаев Нұрболат Нұрымұлы ұсталды.


Тергеу барысында ол бой тасалаған еді, осылайша іздеу жарияланған болатын.


Қазіргі уақытта Дакебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Оған тағылған айып бойынша ең жоғары жаза - үш жылға дейін бас бостандығынан айыру.



Рекомендовать
Последние новости