Шешенстан басшысы Қадыровтың тағы бір қызы шенді қызметке келді

Сағыныш Сардарова 01 февр. 2024 21:38 3223


Ресей президенті Владимир Путиннің жақтаушысы, Шешенстан басшысы Қадыровтың тағы бір қызы шенді қызметке келді, - деп хабарлайды Dalanews.kz


Бұл жолы оның екінші қызы Хадижат Шешенстан басшысы әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды. Ол әлеуметтік сала бойынша бірінші орынбасар лауазымына тағайындалды. Бұл ұсынысты Үкімет басшысы Галас Таймасханов жасаған.


Бұған дейін Қадыровтың қызы Грозный мэриясының мектепке дейінгі білім департаментінің басшысы қызметін,сонымен қатар, қоғамдық жұмыстар да атқарыпты. Ал Қадыров қызына жаңа қызметте сәттілік тілепті.


Хадижат Қадырова 2000 жылы 17 қаңтарда дүниеге келген. 2021 жылы "Шешен Республикасына сіңірген еңбегі үшін" медалімен марапатталды. 2022 жылы Ахмат Қадыров атындағы орденмен марапатталды.


Ал бұған дейін Рамзан Қадыровтың үлкен қызы Айшат та лауазымды қызметке тағайындалған болатын.



Рекомендовать
Последние новости