Жаркентте "Жол картасы" бойынша жұмыстар қарқынды жүруде

Dalanews 28 окт. 2020 15:05 1589

Жазиралы Жаркент өңірінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 55 жоба қолға алынған. Соның бірі әрі ірісі Еңбекші орта мектебі. Іргетасы 35 жыл бұрын салынған білім ғимараты толықтай шатырынан еденіне дейін жаңартылуда.

Жол картасымен бөлінген күрделі жөндеу жұмыстарын «Нұр – Шапағат Құрылыс» ЖШС атқарып жатыр. Мердігерлер бүгінгі күні нысанның ішкі жұмыстарын 100 пайызға аяқтаған. Енді ауласындағы абаттандыру-көгалдындыру, жарық шамдарын орнату шаруалары қалды. Тозығы жеткен мекеме қыста жылыту қиындап, біраз мәселе туындаған болатын. Күрделі жөндеу кезінде мектепті жылытуға да баса мән берілгенін айта кетуіміз керек.

– Мектепті жылытатын пешін сыртқа шығардық. Электр жүйелері 95 пайыз жаңарды. Есік-терезелеріді де толықтай ауыстырдық. Жылу жүйесі, ауыз су және кәріз жүйесі жасалынды. Мұнымен қатар, сейсмокүшейту жұмыстарын жүргізілгенін айта кетуіміз керек. Қазіргі таңда жұмысшы күші жеткілікті. Жоспар бойынша қарашада нысанды аяқтап өткіземіз, – дейді мердігер мекеме прорабы Айдын Жайшыбеков.

«Жұмыспен қамтудың жол картасымен» жаңартылып жатқан жоба құны 958 млн теңге құрайды. Мердігерлер құрылысты мамырдың ортасында бастаған. Содан бері 178 жергілікті тұрғын жұмысқа тартылып, ауылдағы екі қолға бір күрек іздеген азаматтар жұмыс істеген. Жұмысшылардың айлық жалақысы 85 000-200 000 дейінгі аралықта беріліпіт. Дәл қазіргі күні құрылыстың басым бөлігі аяқталғандықтар құрылысшылар 45 000 жұмыс істеп жатыр.  Мектептің парта-тақта, кабинеттері, сыныптар материалдық-техникалық базасы толығымен жаңартылады. Бұл мақсатқа жобадан бөлек, 23 млн теңге қаржы бөлінген.

Ширек ғасырлық тарихы бар білім шаңырағы 1172 орынға лайықталған. Шағын орталығымен қосқанда бүгінгі күні 750 бала тәрбиелейді. Пандемия жағдайына байланысты оқушылар толығымен үйлерінде оқытылуда. Жаңа оқу жылында көпбалалы, аз қамтылған, мұқтаж отбасы балаларына мектеп тарапынан 20 ноутбук-смартфондар үлестіріліп берілген. Айта кеткен жөн, келер жылы ауданда қос мектеп табиғи газға қосылады. Жамбыл және Хамраев орта мектептеріне көгілдір отын жеткізу үшін бүгінде жобаның сметалық құжаттамалары әзірлену үстінде.

Пенжім ауылындағы жаңа амбулаторияның салынуына «Жол картасы» бағдарламасы аясында салынуда. Ауыл тұрғындарының игілігі үшін іргетасы қаланып жатқан нысан 50 орынды ққрайды. Жеті мыңға жуық халқы бар елдімекенде бүгінгі дейін замануи жаңа емдеу мекемесі болмаған.

Басы ауырып, балтыры сыздаған ауылдағы ағайын шағын дәрілерлік амбулаторияны келіп, ем алғанын айта кетуіміз керек. Енді міне көп ұзамай су жаңа кешенге келетін болады. Мұндағы басты ерекшелік ішіндегі қондырғылар, материалдық-техникалық база бәрі жаңа заманғы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әзірге, 4 дәрігер қызмет көрсетеді.

«Нұр-Шапағат Құрылыс құрылыс компаниясы 30 қарашаға дейін жұмысты толықтай аяқтап, нысанды елдің игілігіне берекші. Бүгінгі жалпы жұмыстың 70 пайызы біткен. Амбулатория ғимаратының құрылысын салуға 259,2 млн теңге бөлінген. Мұнымен қоса,  ауданаралық көпсалалы ауруханасын абаттандыру жұмыстары 52,8 млн теңгеге атқарылуда.

Рекомендовать
Последние новости