Жантүршігерлік жол апаты: Ақтөбе облысында 4 адам қаза тапты

Сағыныш Сардарова 10 февр. 2026 15:12

Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес Ақтөбе-Орск тасжолында Opel маркалы жеңіл көліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, DAF маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Қазір оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған Ақтөбе облысы ПД хабарламасында.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Еске салайық, бүгін Ақтөбе облысында 10 көлік жол апатына ұшырады. 


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove