Ақтөбе облысында 10 көлік жол апатына ұшырады

Сағыныш Сардарова 10 ақп. 2026 13:40

Ақтөбе облысында 10 көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақтөбе-Астрахань тасжолында, Тамды ауылының маңында 10 көлік жол апатына ұшыраған.

"Жол апаты салдарынан үш адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп жазылған полиция хабарламасында.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove