«Жаңа Қазақстан» идеясын жүзеге асыру бойынша сараптамалық-талдау жұмыс тобы құрылды

Dalanews 14 февр. 2022 15:09 1256

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты жанынан Жаңа Қазақстанды құру жағдайында қоғамдық шарттың және қоғамдық-саяси өзгерістердің тиімді форматын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін сараптамалық-талдау жұмыс тобы құрылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жұмыс тобының басты міндеті қоғамдық қатынастарды жаңғыртуға бағытталған ұсыныстарды диалог алаңдарында талқылау болып табылады. Сараптамалық-талдау тобы жұмысының нәтижесінде нақты ұсынымдардан тұратын талдамалық анықтама әзірленетін болады. Қорытылған ұсынымдар Үкіметтің қарауына жіберілетін болады.

Жұмыс тобына азаматтық қоғам институттарының өкілдері, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, азаматтық белсенділер, ғылыми-шығармашылық интеллигенция және мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Олардың ішінде –  «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ төрағасы Дәулеткерей Рахметуллин, Қазақстандық халықаралық шарттарды қоғамдық бақылау орталығының директоры Галина Моисеенко, «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеушілер бөлімінің басшысы Индира Рыстина, саясаттанушы Қазбек Майгелдинов және басқалар бар.


Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің отырысында «Қасіретті қаңтар» сабағы: Қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» тақырыбында сөйлеген сөзінде барша қазақстандықтарды Жаңа Қазақстанды құруға, әлеуметтік-экономикалық және саяси модернизацияны жаңғыртуға бағытталған реформалар қалыптастыруға атсалысуға шақырды.

Рекомендовать
Последние новости