Жаңа көлік министрі ант қабылдады

Көркем Алдабергенова 01 июл. 2025 10:42

Көлік министрі қызметіне жаңадан тағайындалған Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында ант берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Халқым мен Президентімнің алдында салтанатты түрде ант етемін: бар күш-жігерім мен білімімді Отанымның экономикалық және рухани дамуына арнаймын, Конституция мен еліміздің заңдарын қатаң сақтаймын, барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қағидаттарын басшылыққа аламын, Қазақстан халқына адал қызмет етіп, еліміздің мемлекеттілігі мен халықаралық беделін нығайтуға үлес қосамын. Ант етемін!", – деді Нұрлан Сауранбаев.

Еске салайық, 30 маусымда Нұрлан Сауранбаев Қазақстан Республикасының көлік министрі лауазымына тағайындалды. 

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Жамбылда дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Мұнай өнеркәсібін оқыту орталығын (Италия) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, мұнай әкімшілендіру магистрі. Еңбек жолын 1991 жылы жеке коммерциялық компанияның басшысы болып бастаған. 

 


Рекомендовать
Последние новости