Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Қайсар Сұлтанбаев тағайындалды.
Жаңа ПД бастығын жеке құрамға ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха және Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев таныстырды.
Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет атқарады. Әр жылдары Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарында басшылық қызметтер атқарған.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитетінің және департаментінің бастығы болған.