ІІМ: 2024 жылы Қазақстанда 85 экстремистік қылмыс ашылды

Жарбол Кентұлы 12 янв. 2025 21:03 390

Жыл қорытындысы бойынша жүргізілген тергеулер нәтижесінде 44 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды полиция.

Сонымен қатар, ұрлық, бопсалау, тонау және басқа да жалпықылмыстық құқық бұзушылықтар үшін 131 діни радикал сотталды.

18 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылып, олардан 50 бірлік қару мен 10 келіден астам есірткі тәркіленді.

Діни қатынастар саласындағы заң бұзушылықтар мен тыйым салынған материалдарды тарату фактілері бойынша 390 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 




Рекомендовать
Последние новости