Алматы облысында жарылыс болып, салдарынан үш адам мерт болды

Сағыныш Сардарова 11 сент. 2025 15:35

Алматы облысында жарылыс болып, салдарынан үш адам мерт болды. Бұл туралы өңірлік Полиция департаменті мәлімдеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Полиция департаменті мәліметінше, белгісіз зат жарылып, салдарынан үш адам қаза тапқан.

"Олардың денесі оқиға орнынан табылды. Оқиға болған жерге жедел түрде полиция, өртсөндірушілер және жедел жәрдем қызметі жетті. Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

 


Рекомендовать
Последние новости