"Ғарышкер емес" - журналист Көпжасарұлы ғарышқа ұшқан Қарағұсова туралы

Сағыныш Сардарова 11 окт. 2025 15:00

Танымал журналист Ерқанат Көпжасарұлы әлеуметтік желіде ғарышқа ұшқан Дана Қарағұсова туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Оның сөзінше, Қарағұсова - ғарышкер емес, астротурист.

"Ғылым академиясына он минутқа кіріп шығып, өзіңді ғалыммын десең, әлбетте, ұятқа қаласың. Ғарышқа 13 минутқа сапар шеккен Дана Қарағұсованы қазақтан шыққан алғашқы ғарышкер әйел деп әспеттеу де сол секілді. Дана Қарағұсова Қазақстанның алғашқы астротурисі дегеніміз жөн", - деді журналист Facebook желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, бұған дейін кәсіпкер Дана Қарағұсова ғарышқа турист ретінде ұшқаны хабарланды. Ол Blue Origin компаниясының New Shepard зымыранымен ғарышқа ұшты.

Рекомендовать
Последние новости