Fitch агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Кәмшат Тілеухан 18 нояб. 2024 10:12 425

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB" деңгейінде растады, болжам – "Тұрақты", деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі факторлардың қатарында – рейтингі ұқсас елдер арасындағы орташа көрсеткіштен едәуір асатын және елдің қаржылық икемділігін қамтамасыз ететін қуатты сыртқы буферлер қалып отыр.Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының валюталық активтері мен ресми алтын-валюта резервтері ЖІӨ-нің 38% баламасына жетті, бұған инвестициялардың 8,4%  деңгейіндегі кірістілігі және алтын бағасының өсуі ықпал етті", делінеді рейтинг сипаттамасында.

Сарапшылар мұнай саласына тәуелділікті біртіндеп азайтуға ықпал ететін көлік және жаңартылатын энергия сынды секторларды дамыту бойынша жасалып жатқан қадамдарды айтты.

Бұған қоса, рейтинг агенттігі кең ауқымды қосарлас санкциялар салудың салыстырмалы түрде тәуекелдері төмен екенін баса атап өткен.


Рекомендовать
Последние новости