Euronews АҚХО-да еншілес компаниясын тіркеді

Кәмшат Тілеухан 11 нояб. 2024 15:23 1521

Euronews телеарнасы Астана халықаралық қаржы орталығында Euronews Astana Ltd еншілес компаниясын тіркеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

АХҚО сайтында компанияның 7 қарашада тіркелгені туралы дерек келтіріледі.

Айта кетсек, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Euronews Директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Дэвид 2024 жылғы тамызда Euronews-тің Орталық Азия бойынша өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойған болатын.

Euronews командасы Қазақстан туралы бірнеше бағдарламаны жоспарлап қойған: азіргі көшпенділер" (Modern Nomads) қазақтардың өнері, мәдениеті және өмір салты туралы телешоу; "Шығыс пен Батыстың байланысы" - елдегі іскерлік және экономикалық оқиғаларға қатысты шолу; "Орталық Азия үні" - өңірдегі танымал қайраткерлермен сұқбаттар; "Фокус" - өңірдегі маңызды іс-шаралардан репортаждар беру (Focus).

Euronews — әлемдік оқиғалардың бейне хроникасы мен 17 тілдегі аудио түсініктемелерді біріктіретін тәулік бойы әлемнің 160 елінде жұмыс істейтін Еуропалық жаңалықтар арнасы. 

Бас кеңсесі Францияның Лион қаласында орналасқан.

 


Рекомендовать
Последние новости