«Еуразиялық одақтың қатары толығуы мүмкін». Путин Тәжікстанда жүр

Dalanews 29 июн. 2022 03:26 852

Ресей президенті Владимир Путин 28 маусымда Тәжікстанға барды. Бұл оның Ресей Украинаға басып кіргеннен кейінгі бірінші сапары, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Тәжікстан президентінің баспасөз хатшысы Абдуфаттох Шарифзода сапар барысында ешқандай құжаттарға қол қойылмайтынын, тек ел басшысының жеке "1+1" форматта кездесуі өтетінін мәлімдеген.

Владимир Путин Ауғанстандағы жағдайға қатысты пікір білдірген. Ол Мәскеу бұл елді бақылап отырған саяси күшпен қарым-қатынас орнатып жатқанын жеткізген.


Ол Ауғанстандағы барлық этникалық топтар билікті басқаруда бірігіп жұмыс істері керек екенін атап өткен.

Кейбір сарапшылардың айтуынша, бұл кездесуде Тәжікстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы талқылануы мүмкін.

Рекомендовать
Последние новости