Судья Шерзат Полат ісі бойынша басты сот отырысы қашан өтетінін айтты

Көркем Алдабергенова 10 апр. 2025 14:52 705

Судья Шерзат Полат ісі бойынша басты сот отырысы қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz

Судья басты сот отырысын 17 сәуірде сағат 10:00-ге белгіледі. Одан кейінгі сот отырысы 18 сәуірде өтеді. 

Судьяның қаулысына сәйкес, сот отырысы аптасына екі рет, бейсенбі және жұма күндері өтеді. 

Еске салайық, бүгін Талдықорғанда Шерзат ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті.

“Сот отырысына қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, сот бұл іс бойынша сот талқылауын ашық режимде өткізу туралы шешім қабылдады”, — деді Жоғарғы Сот.

Трансляция Жоғарғы Соттың YouTube арнасында өтті. 

Айта кетейік, бұған дейін Жоғарғы сот Шерзат Болат ісі бойынша сот отырысы неліктен Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтетінін түсіндірген еді. 

“Айып тағылған тоғыз адам Талдықорғандағы тергеу изоляторында қамауда отыр. Соған байланысты сот отырысы Жетісу облысында өтеді”, — деді олар.


Рекомендовать
Последние новости