Этномәдени бірлестіктер қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруда – деп Марат Әзілханов

Dalanews 15 сент. 2023 07:11 1156

Алматы қаласындағы Достық үйінде «Қоғамдық келісім және ұлт әл-ауқаты: серіктестік, медиация және экономикалық белсенділік мүмкіндіктері» атты өзара іс-қимыл бойынша конференция өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл іс-шара Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында, «Әділетті Қазақстан» Ұлттық Құрылтайының 2-ші отырысында сөйлеген сөздері аясында ұйымдастырылғанын айта кетуіміз керек.

Конференцияға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі аспектілерді жүзеге асыру мәселелерін талқылау үшін келген қоғамдық және мемлекеттік қызметтің әртүрлі салаларынан қатысушылар, сондай-ақ халықаралық қонақтар жиналды.

Конференцияның мақсаты – этносаралық қатынастарды нығайтуға, медиацияны, құқықтық белсенділікті дамытуға және тұрақты экономикалық өсуді ынталандыруға негізделген үйлесімді қоғам құруға жәрдемдесу стратегияларын қолдау және талқылау.



Іс-шара осы мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетін және тұтастай алғанда елдің тұрақты прогресіне ықпал ететін жаңа идеялар мен серіктестіктерді қалыптастыруға бағытталған.


Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов құттықтау сөз сөйлеп, ойын ортаға салды:

– Қазіргі қарқынды өзгеріп жатқан әлемде еліміздегі тұрақтылық пен келісім тұрақтылықтың негізгі факторы болып табылады. Сондықтан қоғамда этносаралық диалог пен өзара түсіністік құндылықтарын жүйелі түрде ілгерілету ерекше маңызды. Бұл азаматтық қоғам институттарының белсенді қатысуымен тікелей жүзеге асатын маңызды жұмыс. Бұл жұмысты қазір Қазақстан халқы Ассамблеясы дәйекті түрде атқарып келеді. Этномәдени бірлестіктер патриотизм мен азаматтық бірегейлікті нығайтуға, қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде дамытуға бағытталған нақты жобаларды жүзеге асыруда, – деп Марат Әзілханов көкейде жүрген ойын ортаға салды.

Келесі кезекте конференцияда АЕК этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин және АЕК «Қоғамдық Келісім» РМУ директоры Элина Масагутова сөз сөйлеп, іс-шараның әлеуметтік мәселелерді талқылаудағы маңыздылығын атап өтті.

Конференция әр тараптың тәжірибелері мен озық тәжірибесімен алмасу алаңына айналғанына куә болдық. Қатысушылар қоғамдағы шиеленістердің алдын алу құралы ретінде ұлттық бірлік пен қоғамдық келісім, экономикалық белсенділік және медиацияның маңызды мәселелерді жан-жақты талқылап, ойларын ортаға салды.

 

Рекомендовать
Последние новости