Ескі Қазақстан қайтып келмейді: Қазақстанды жұдырығында ұстаған ағайынды Нығматуллиндерге іс қозғала ма?

Dalanews 04 янв. 2024 09:36 1187

Ақорда "Ескі Қазақстанның" лидерлері мен олардың нөкерлеріне бағытталған месседжін ұзақ уақыт пісіріп, 2024 жылдың басында жіберуге шешім қабылдаған. DALA INSIDE дереккөзі 2019-2022 жылдары орын алған "қостабанды билік дәуірінде" Президенттен кейін бірден Кітапханадағы Назарбаевтың кабинетіне жүгірген барлық шенеуіктің карьерасы биылдан бастап тоқтайтынын хабарлады.

Қазір изоляторда соттың шешімін күтіп отырған, кезінде Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесіндегі статусын Президенттен жоғары бағалаған экс әділет министрі Марат Бекетаевтың сол мәлімдемелері енді алдынан шығатын болады.

2024 жылдан бастап "Ескі Қазақстан" толықтай жойылады. Оның қаңқасы болған функционерлер мен олигополия өкілдері барлық аренадан түгелдей дерлік кетпек. Жарты жылдан кейін саяси кеңістік "Ескі", "Жаңа" деп бөлінуін тоқтатады.

"Ашығын айтсам, осы жаңа бағдары­мыз кейбір ықпалды адамдарға мүлде ұнаған жоқ. Олар бұл өзгерісті елімізде әбден тамыр жайған жүйеге және билік құрылымындағы өздерінің «ерекше мәртебесіне» төнген қатер деп қабылдады. Мұндай адамдар елдегі өзгеріске астыртын, кейде тіпті ашық қарсылық білдіре бастады. Ақыр соңында реформаның бетін қайтарып, өздеріне ыңғайлы бұрынғы қалыпқа оралу үшін бәрін тас-талқан етуге шешім қабылдады" - деді Қасым-Жомарт Тоқаев, Егемен Қазақстанға берген сұхбатында.

DALA INSIDE дереккөзі кезінде Қазақстанды жұдырығында түйіп ұстаған ағайынды Нығматуллиндер мәселесінде белгілі бір шешімдер болатынын хабарлады. Біршама жабық консультацияларда осы сұрақ нақты талқыланған. 2024 - аты жер жаратын сот процестерінің жылы болады деп күтілуде.

Рекомендовать
Последние новости