Ермұхамет Маралбек. Бүлдіргі бір сөз туралы...

Dalanews 27 мая 2015 03:05 1256

Бүгінде орыс пен отарлыққа қатысты сөз болған жерде менің де, бәріміздің де жиі еститін, өз құлағыма түрпідей тиетін бір сөзіміз бар. Ол – «қара қытай қаптаса, сары орыс әкеңдей көрінеді» деген тәмсіл. Бұл орыс дегенде жүрегі лүпілдеп, бүйрегі бүлкілдеп тұратын, жасы бар, жасамысы бар орысшыл бауырларымыздың аузынан жиі шығатыны жасырын емес.

Тіпті, бұл сөз орысқа қарсы сөз айтқанның аузына ұратын олардың қолындағы тоқпақ секілді. Осы сөз ең оңбаған, әзәзіл сөз екенін бірі білсе, бірі білмейді. Тіпті, Бұқар жырау айтыпты-мыс! «Шындық қой, бұл сөздің оңбай тұрған несі бар?» дерсіздер. Неге оңдырмайтын сөз екенін мен айтайын, көңіл қойсаңыз.

Ең әуелі бұл сөздің мағынасына зер салайық. Меніңше, бұл сөзден мынадай екі мағына шығады: 1) «Егер қытай соғыс ашса, орыс әкеңдей болып құтқарады»; 2) «Қытайға отар болғанша, орысқа отар болған жақсырақ» деген.

Бұл екеуі де бос сөз. Өткен тарихымыздан белгілі, түркі дәуірінде де, бергі қазақ хандығы заманында да қытайлармен болған соғыстарда орыс әскері бірде бір рет қазақтармен одақтасып, көмектескен емес. Керісінше, І Петр патша тұсында жоңғарларға жасырын қару-жарақ, зеңбірек беріп, қазақ халқын солардың қолымен жер бетінен жоқ қылу жоспарын жасаған солар болатын. Қазақ халқының сахарадағы даңқты тарихының аяқталып, 300 жылға созылған отар болу тарихының басы жоңғар шапқыншылығынан басталды десек, оны бастаған сол орыс үкіметі болатын. Ақыры амалды жау қазақты алды, бүгінде сол қамыттан әлі құтыла алмай жүрміз. Алғашында қазақты құрту үшін орыс үкіметі жоңғармен одақтас болған. Ал соңында қазақ қолынан жеңіліп, әлсіреген жоңғарды қытайлар жер бетінен жоқ қылғанда, одақтас бола тұра  жоңғарларға ешқандай көмек көрсетпей, қарап отырған сол орыс үкіметі болатын. Міне, бұл егер қытай соғыс ашса, орыс әкеңдей болып көмектеспейтініне тарихи дәлел.

Ал «қытайға отар болғанша, орысқа отар болған жақсырақ» деген екінші мағынаға келейік. Ол үшін тағы да орысқа қатысты ескі тарихымызды еске түсірейік. Патша заманын қоя тұрып, сөзді барша адамзатқа жақсылық, теңдік, бақыт әкеледі деген атпен құрылған «Қызыл орыс үкіметітен» бастайық. Аты да қызыл, заты да қызыл, ісі де қызыл бұл үкімет алғаш құрылған жылдан бастап-ақ қазақ халқын қынадай қырды. Айталық, 1918-1922 жылдары аштықты қолдан жасап 1700000, 1931-1933 жылдары 2300000, жалпы 4 миллион қазақты бір тал оқ шығындамай қырып салды. Тек аштыққа өлмейтін, рухы сынбайтын, ұлты үшін өліспей беріспейтін Әлихан, Ахмет бастаған 25 мың қазақ зиялысын 1937-1938 жылдары атты. Оқ шығындады. Ал 1914, 1941 жылдары болған дүниежүзілік соғыста әскерге емес, акоп қазуға, сосын, арыны қатты неміс әскерінің бетін қайтару, оғын тауысу үшін қарусыз алдыға айдап, оққа ұстағанда қаншама бауырларымыз қырылды. Оның есебін сіз бен біз анық білмейміз. Шамасы, миллионға тарта болса керек. Ал осындай зұлымдыққа төзбей, асыл рухын таптатпай, ата қонысын тастап, шетел асқан қазақтардың саны 1 миллион деп көрсетеді тарихшылар. Сонда 1916 жылы жалпы саны 6 миллион болған қазақ халқы 1950 жылы, не бәрі 34 жылдың ішінде, 1 милионға жетпейтіні ғана қалды. Ал оған кешегі 86 жылғы көтерілісте қырылған қазақтың зиялы жастары мен патша заманында Кенесары хан, Исатай-Махамбет бастаған ірілі-ұсақты 300-ге тарта көтерілістерде қырылған қазақтарды қоссақ, орыс үкіметі қырған қазақтың жалпы саны баяғыда 6-7 миллионнан асып жығылады. Бұл тек орыс үкіметінің қазақ халқына жасаған адам шығыны ғана. Ал рухани дүниесіне жасалған зұлымдығы, мәдениетіне, байлығына жасаған талан-таражысын сіз бен біз бірін білсек, бірін білмейміз. Енді ойланыңыз, орысқа бодан болып тапқан жақсылығымыз, оңалғанымыз осы ма? «Әкеңдей» көрген жаудың досытығы осы ма?
Ал осындай зұлымдыққа төзбей, асыл рухын таптатпай, ата қонысын тастап, шетел асқан қазақтардың саны 1 миллион деп көрсетеді тарихшылар. Сонда 1916 жылы жалпы саны 6 миллион болған қазақ халқы 1950 жылы, не бәрі 34 жылдың ішінде, 1 милионға жетпейтіні ғана қалды. Ал оған кешегі 86 жылғы көтерілісте қырылған қазақтың зиялы жастары мен патша заманында Кенесары хан, Исатай-Махамбет бастаған ірілі-ұсақты 300-ге тарта көтерілістерде қырылған қазақтарды қоссақ, орыс үкіметі қырған қазақтың жалпы саны баяғыда 6-7 миллионнан асып жығылады. Бұл тек орыс үкіметінің қазақ халқына жасаған адам шығыны ғана. Ал рухани дүниесіне жасалған зұлымдығы, мәдениетіне, байлығына жасаған талан-таражысын сіз бен біз бірін білсек, бірін білмейміз. Енді ойланыңыз, орысқа бодан болып тапқан жақсылығымыз, оңалғанымыз осы ма? «Әкеңдей» көрген жаудың досытығы осы ма?

18-19 ғасырда тұтас Еуропа экономикасын шеңгелінде ұстап, онысы ұлттық менмендікке ұласқан, соның нәтижесінде Еуропа халықтарын езгіге ұшырата бастаған еврей ұлтын 1941 жылы Гитлер қынадай қырды, тектен текке емес. Сонда басынан бақайшығына дейін мұздай қаруланған неміс әскері 4 жылда 6 милион еврейді қырған. Бірақ олар өздеріне жасалған бұл зұлымдықты ешқашан кешірмейді де, ұмытпайды. Және «қара қытай қаптаса, сары неміс әкеңдей көрінеді» деп айтқан емес. Ал біздің халық тарихта жаза басып, өткізген кінәсі жоқ жазықсыз сол шамада қырғынға ұшырады. Бірақ біз кектенудің орнына оларды жақсы көреміз. Бұл неден? Меніңше оған үш үлкен себеп бар: біріншіден, біздің ұлт өкілдерінің басым бөлігі өз тарихын білмейді; екіншіден, идеологиялық отарлаудан әлі айыға қоймадық; үшіншіден, біздің ұлтта ұлтсыздардың саны тым көп.

Бір мысал, егер ес-ақылы орнында, жақсы тәрбие көрген, тіпті, онсыз да жүрегінде жалпы адамдық махаббаты өшпеген бала болса, өз ата-анасын жазықсыз өлтірген жендетті өмірбойы жек көріп, кектеніп өтер еді. Біздің ұлттан нешелеген ата-ана, сүйікті перзент жазықсыз өлтірілді? Ендеше, біздің ұлттың бүгінгі ұрпағы қандай күйде болуға тиісті?

Орыс отарлығының дәмін білмей, көрмей, осындай ой айтылса жарар еді, біліп, көріп, басымыздан өткеріп тұрып, тағы арамызда осы «қара қытай қаптаса, сары орыс әкеңдей көрінеді» деген сөздің қалмай ілесіп жүргені қалай? Оның қасында біз үрке қарайтын, атын естігіміз келмейтін ата-жауымыз, тарихтан бері көрші отырған қытайлар ондай зұлымдық жасаған жоқ. Керісінше, ата-бабамыз түркі, ғұндардың оларға көрсеткен қорлығы көп болды. Ал біз орыстармен тек сібір түркілері, ноғай, башқұрт, татарлар отар болғаннан кейін ғана көрші болдық. Шамасы 300 жыл.

Қытай демекші, «қара қытай қаптаса, сары орыс әкеңдей көрінеді» сөзінің төркіні жаман, тегі бөтен ойды ел ішіне жаю үшін шығарылған сөз екенін зер салған адамға түсіну қиын емес. Оны осы «Қара қытай» сөзінің өзінен анықтауға болады. Ол үшін «қара қытай» деген кім? Қай халық? Ол қазіргі «Chaina» деген атпен белгігі елдің негізгі ұлтын көрсете ме? Соны анықтау қажет.

Айталық, Қарақытай мемлекеті – қазақ мемлекеттілігіне бастау болған ортағасырлық ел. Шежіреге қарасаңыз, қазақтың көптеген руларының арғы бір атасы «Қытай» болып келеді: мысалы, Найман руында осылай аталатын ру бар. Шындығында,Қарақытай – Қидандар, ол түркі-монғол тілдес көшпелі тайпа, олар қытайларды («Chaina») жаулап алып, «Ляо империясын» (Темір империя) құрған. Соның ішінде Жетісудағы Қарақытайлар – таза Түркі тайпалары болған. Бұл жайлы Мұхтар Мағауин «Шыңғысхан» атты тарихи романында нақты дәлелдермен келтіреді. Ал «Chaina» халқының аты ретіндегі «қытай» сөзі бертінде қалыптасқан. Олар өздерін солай атамады, біз солай жаңылыс атадық. Біздің ата-бабаларымыз орысқа бодан болмай тұрғанда оларды басқаша атаған, мысалы, шүршіт, табғаш т.б халқы деп.

Өйткені (1644-1911) жылдар аралығында бұл елді көшпелі маньчжур тайпасы биледі. Олар өздерін Маньчжур-Цин империясы деп атады. Маньчжурлардың жергілікті халықтарды жек көргені сондай, олардың бір де бірін билікке, лауазымды орындарға шығармаған. Ал одан бұрын (1271-1368) жыл аралығында бұл елді қазір монғол атанып кеткен түркі тектес қият таипасынан шыққан Шыңғысханның ұрпақтары биледі. Сондықтан бертінге дейін мұндағы халықтың тұтас атауы жоқ (қолында билік болмаса, аты қайдан болсын) билеген тайпалардың халқы болып қана өмір сүріп келген. Тек 19-20 ғасырларда ғана сол мемлекеттің қарамағындағы көптеген ұлттар мен ұлыстардың тоғысуы, сіңісуі нәтижесінде, ежелгі «хуа» тайпасының негізінде өздеріне «ханзу» деген атауды беріп, бүгінде біртұтас ұлтқа айналды. Тіпті олар ежелден бүгінге дейін өздерін ешқашан «қытай» атаған емес. Олай болса, өздері де атамаса, біз де олай атамаған болсақ, бұл атау қайдан шықты? Міне бұл жайт көңілге күмән тудыруы керек. Әлгі «Бұқар айтты» деген бұл тәмсіл ол өмір сүрген 18 ғасырда емес, біз орысқа бодан болып, әлемге орыс нұсқаған бағытпен қарайтын халге түскен заманда пайда болған. Біз мұны аңғаруға тиіспіз.

Әлем халықтарындағы тарихы және мәдени атауларға сол халықтардың өздерінде қалай аталса, солай атауға қазақ тілінің дыбыстық мүмкіндігі жеткілікті болса да, біз өзімізше де, оларша да емес, орысша нұсқасымен атайтынымыз баршаға аян. Сондықтан «Chaina» халқының атауы ретіндегі осы «қытай» сөзі бізге орыстар арқылы қалыптасқан болса керек.

Біздің тарихымызда орыс үкіметінің адастыруымен қалыптасқан қате ұғым, жаңылыс тұстар көп, оны тәуелсіз тарихшылар енді-енді айтып келеді. Өйткені біз осы тарихи кезеңде жеңілген халықпыз, ал тарихты жеңген жақ жазатыны белгігі. Біз қанша адассақ та, дос пен дұшпанның арасын айыра, шегелеп айтып кеткен тағы да сол ата-бабаларымыз болатын. Оны халық жады сақтап, бүгінге жеткізіп отыр. «Ежелгі дұшпан ел болмас» дейді бабалар өсиеті. Ендеше сол ешқашан «ел болмас» жауымыз бірнешеу болса, соның бірі – осы құрмалас сөйлемнің екінші жағымды сыңарына арқау болып алған ел.

Біртұтас қазақ халқының алғашқы ханы Әз Жәнібек те, оның абыз қарты Асан қайғы болатын. Астырахан қаласын Еділ бойына салдырып, хан ордасын орысқа жақын өңірге көшірген Әз Жәнібек ханға наразы болған Асан қайғы бұл шешімнің ақыры жаман болатынын сезіп, былай дейді:

 

Дөңгелек жүзді, қой көзді

Әспеттеген балаңды

Атасы нәлет кәпірге

Күндердің күні болғанда

Бас бұлғамай берерсің...

...Арқада жатып ақырған

Амалды кәпір алғанда

Қиямет қайым болғанда

Жәнібек атты жақсы хан

Баланы сенен сұрармын.

Қиямет қайым болғанда жаудан жәбір көретін өз ұрпақтарының есебін орысқа үйірсек болған ханнан сұрамақ.

Ал біртұтас қазақ халқының ең соңғы ханы Абылай болса, оның абыз қарты Бұқар екені аян. Хан мен жырау бабаларының осы ескертпесін арада 300 жыл өтсе де ұмытпаған. Ұрпақтарының болашағынан алаңдаған ханға Бұқар жырау былай деген:

...Күн батыстан бір дұшпан,

Ақырда шығар сол тұстан,

Өзі сары, көзі көк,

Бастығының аты Поп,

Күн шығысқа қарайды,

Шашын алмай тарайды,

Құдайды білмес, діні жоқ,

Жамандықта міні жоқ,

Осы сынды бір кәпір,

Аузы-басы жүн кәпір,

Жаяулап келер жұртыңа...

...Еліңді алар қолыңнан,

Әскер қылар ұлыңнан,

Тексізді төрге шығарып,

Басыңа ол күн туғанда,

Теңдік тимес қолыңа,

Бұл айтқан сөз Абылай,

Болмай қалмас артыңнан,

Естідің мына қартыңнан .

«Әкелікке, достыққа табылмас ел» деп тұрған жоқ, «жамандыққа міні жоқ» деп сақтандырып тұр. Осы сөзді айтқан Бұқар жырау «сары орыс әкеңдей көрінеді» деуі мүмкін бе?

Ал сахараның тағы бір сәуегейі Мөңке бидің айтқанын қараңыз:

...Ақыр заман боларда,

Орыс қазақ қосылып

Бір-біріне үйір болады

Сөйткен заман кез келсе,

түзелуі қиын болады.

Соның бәрін көрерсің,

Көріп барып өлерсің.

Енді бұған айтар сөз де жоқ, тек қорқыныш қана бар. Тек айтуға тиістісі бабаларымыздың әр заманда қайта-қайта сақтандырған жауынан сақтанбай, оған үйірсек болып, ақтап ала беретініміз неліктен?

Менің айтқым келетіні, біз үшін отарлықтың қайсы болса да жаман екенін айтқым келеді. Яғни кімге отар болсаң да оңдырмайды. Егер отар болсақ, діні, тілі бөлек ата жаулар емес, туысқан халықтардың өзі аяйын деп тұрған жоқ. Оны бүгінде туысқан өзбек, қырғыз, түріктерде тұрып жатқан қазақтардың тағдыры көрсетіп отыр. Қазақ, біреулер айтқандай «мың рет өлді, енді мың бірінші рет өлсе, қайта тірілмейді». Сондықтан бізге «бағыну» деген ұғымды ұмыту керек. Ол үшін оны еске салатын осындай сөздерді ұрпақ санасынан өшіру керек.
Сондықтан алдағы күндерде «Орысқа қосылсаң оңаласың, қытайға қосылсаң жоғаласың» деген сияқты жақсылықтың атымен жамандыққа ұшатын «қара қанатты» сөздер шығуы мүмкін. Содан соң бір замандарда «қазақ деген орыс ұлтының бір руы болыпты» демесіне кім кепіл? Біз үшін қытай да, орыс та дос емес, әріптес қана елдер болуы тиіс. «Мәңгілік достық жоқ, мәңгілік мүдде ғана бар».

Ұлтымыз тәуелсіз болғанына 23 жыл ғана болды. «Бір айналдырса, шыр айналдырады» деп ескертеді тағы сол бабалар сөзі. Аз жыл өтпей-ақ сол баяғы отарлықтың дабылы қайта қағыла бастағандай. Себебі, кешегі «Кедендік одақ», бүгінгі «Еуразиялық одақ» сол баяғы айлалы жаудың алғашқы арбауындай болып көрінеді маған. «Барлық жамандық жақсылықтың атымен келеді» деген аталы сөз бар халқымызда. Мұндай пиғыл бас көтерген шақта «...әкеңдей көрінер» сияқты сөздердің жиі айтылатыны, көптеп шығып, кеңінен таралатыны белгілі. Өйткені әр отарлаушы ел өз мақсатын жүзеге асыру үшін бірінші кезекте сол халықтың рухани дүниесіне соғыс ашады. Ол халықтың санасында орныққан «Тәуелсіздік», «Елдік» ұғымдарына күйрете соққы береді, өзінің үстемдігін рухани жақтан мойындатады. Соның бірден бір қаруы осындай сөздер. Сондықтан алдағы күндерде «Орысқа қосылсаң оңаласың, қытайға қосылсаң жоғаласың» деген сияқты жақсылықтың атымен жамандыққа ұшатын «қара қанатты» сөздер шығуы мүмкін. Содан соң бір замандарда «қазақ деген орыс ұлтының бір руы болыпты» демесіне кім кепіл? Біз үшін қытай да, орыс та дос емес, әріптес қана елдер болуы тиіс. «Мәңгілік достық жоқ, мәңгілік мүдде ғана бар».

Не істемек керек? Біз істейтін іс көп. Бұл жерде тек күлдіріп келіп, бүлдіріп кететін ілдіргі, ілген өзегін жыртпай шықпайтын осындай бүлдіргі сөздерден сақ болу керек. Ел аузында желдей ескен осындай әзәзіл сөздің астарын ұғып, ұлтымыздың санасына орыс не басқа жауларымыздың бодандық пиғылын үгіттейтін, ой жүзінде мойынсал етуге қызмет жасайтын осындай сөздердің таралуына зиялы, ұлтшыл азамат ретінде кедергі бола білуіміз керек.

Егер осы ойым құптарлық болса, бүгінгі санасы оянып келе жатқан қазақ жастарының қаперіне осы сөздің мәнін жеткізуге мұрындық бола алсаңыз, үлкен алғыс білдірген болар едім. Алла тәуелсіз қазақ елі жастарының бірлігін бекем етсін!

Ермұхамет МАРАЛБЕК


Рекомендовать
Последние новости