Ерке Есмахан: «Тәуекел Мүсілім үшін мені қыздар жек көреді»

Dalanews 21 апр. 2017 06:13 2255

Жуырда ғана Астанаға қоныс аударған Ерке Есмахан Алматыны сағынып жүр. Әншінің айтуынша, оңтүстік астана – нағыз өнерпаздар ордасы болғандықтан, әншілерге ерекше шабыт сыйлайды. Бұл туралы әнші Zhuldyz.Tv арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

 
– Астанаға көшуін көшіп алып, ой келіп, Алматыға келсем жаман боламын. Кеудемді сағыныш кернеп. Осы жақта шабыт мықтырақ екен, оны мойындаймын. Әсіресе, шығармашылықта жүрген адамдар осы жақта ашылады. Шабыт келеді, ойлайсың. Астанада ондай емес. “Тез-тез шығып бара салсам, тез үйге барсам, тоңып қалдым” дейсің, – деген Ерке қайтадан Алматыға көшіп келгісі келетінін жасырмады.

Ерке Instagram желісінде жиі сынға ұшырайды. Себебі желіде әншіні қазақтың қылықты қызы деп қабылдамайтындар көп. Жақсы қылықтарынан жасандылық көретін кейбіреулерге есіміме болмысым сай деп жауап берді әнші.

–  Менде ешқандай да жасандылық жоқ. Мені өмірде білетін не болмаса бір рет көріп тілдескен адам ондай емес екенімді түсінеді. “Өмірде де сондай екенсіз ғой, қалжыңбас екенсіз ғой, айта салатын, күле салатын” дейтін болады. Ал білмейтін адамдарға қазір, Құдайға шүкір, еңбектің арқасында көзін жеткізіп келе жатырмын. Өзімнің әндерім, сахнадағы жүріс-тұрысым, сөйлеуім арқылы өзімнің табиғатым осындай екенін көрсетіп келе жатырмын. Менің анам атымды Ерке деп шатаспай, қателеспей атаған. Сол үшін анама алғыс айтамын, – дейді Ерке.

Бұдан өзге Ерке әсіресе нәзік жандылар қауымына ұнамай қалатынын жеткізді. Оған Еркенің еліміздің ең сымбатты жігіті – Тәуекел Мүсіліммен бірге түскен суретін жиі жүктеуі себеп екен.
“Тәуекелді қатты мақтап кеттім-ау деймін, сол үшін мені қыздар да жек көреді. Сурет салған сайын мені жерден алып, жерге салып жатады. “Осы жабысады да жүреді”, “Армандапсың”, – деп. Ондай емес. Тәуекелді әріптес, дос ретінде қатты сыйлаймын”, – деп түсіндірді Ерке.

Рекомендовать
Последние новости