«Енді қайталанбайды» Журналист Бекболат Тілеуханды кешіре ме?

Dalanews 20 янв. 2022 05:29 892

Журналистке қол жұмсап, кәсіби қызметіне кедергі келтірді деп айыпталған экс-депутат Бекболат Тілеухан жәбірленуші Айнұр Коскинадан кешірім сұрады, – деп хабарлайды Dalanews.kz «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

Шенеунік сұқбат беру кезінде тілшіге қарата айтылған артық сөздерін қайтып алып, енді қайталамайтынын айтты.

Елордада экс-депутат Бекболат Тілеуханға қатысты әкімшілік сот басталды. Сот отырысында қос тарап та болған жайтты түсіндірген. Бекболат Тілеуханға өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Тіпті, ол жәбірленушілер жала жауып, ар-ожданын таптағаны үшін сотқа жүгінетінін айттыпты.


Бірақ куәгерлердің істі талқылауға қатысып отырғанына байланысты сот келесі дүйсенбіге ауыстырылды.

Ал жәбірленуші тарап судьяға талқылауға қатысқан куәларды келесі процеске қатыстырмау туралы өтініш айтты. Сөзінше, бұл куәгерлердің объективті болуына кері әсерін тигізеді.

 

Рекомендовать
Последние новости