«Ең ауыр санкция». Батыс елдері Ресейге Иранды тізе бүктірген тәсілді қолданбақ

Dalanews 01 июн. 2022 08:45 1040

ЕуроОдақ Ресей мұнайын тасымалдайтын танкерлерді сақтандырудан бас тартпақ. Бұл жайындағы мәліметті The Wall Street Journal мәлім етті.

Басылым сарапшылары мұны алтыншы пакент санкиялар ішіндегі «ең ауыры» деп бағалады.

– Мұнай трейдерлері мен кеме қожайындары Ресей мұнайын тасымалдауға әркеттенген танкерлерді Еуропа елдерінің сақтандыру компаниялары сақтандырудан бас тартуы мұнай экспортына ауыр соққы болатынын айтуда. Осы бір қаржы құрылымы арқылы Ресей экономикасын орасан зор шығынға батыруға болады, – дейді сарапшылар.

The Wall Street Journal басылымы қазіргі таңда сақтандыру келісіміне қол қомай Ресей мұнайын тасымалдауға әркеттенген копманиялардың аз екенін алға тартты.

Кезінде Иран Батыс елдерімен ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзден бас тартқанда, Еуропа елдері дәл осы шектеуді пайдаланып, ресми Тегеранды келссіөздер үстеліне отырғызған болатын.


ЕуроОдақтың бұл шешімді қабылдағанда Грекия, Кипр, Мальтаның ірі кеме компаниялары ер тоқымын бауырына алып біраз тулағаны белгілі. Бірақ арада біршама уақыт өткеннен кейін тараптар ортақ келсімге келді. Келісімге сәйкес тараптар бұл шектеуді бірден енгізбей, алты айдың ішінде енгізуді көздеп отыр.

ЕуроОдақ басшылары Ресей мұнайын тасымалдайтын танкерлерді сақтандырмау шарасы толықтай күшіне енгенде, ресми Мәскеудің мұнайына эмбарго жариялағанмен тең болатынын айтты.

Рекомендовать
Последние новости