Елордада «Таза Қазақстан» экоакциясына арналған мурал пайда болды

Жарбол Кентұлы 04 сент. 2024 10:16 5311

Астанада «Таза Қазақстан» экоакциясына арналған 40 метрлік мурал ашылды. Көркем туынды Сығанақ көшесі, 1 үйінің қабырғасына салынған. Оның биіктігі – 40 метр және ауданы 480 шаршы метрді құрайды, – деп хабарлайды Dalanews.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Муралда ұлттық киімдегі балалар бейнеленген. Көшетті суарып тұрған балалар өсу мен өркендеуді бейнелейді. Көк аспанның фонында шаңырақ пен уықтарды және Астананың көрнекті жерлерімен безендірілген жасыл планетаны көруге болады.

Муралда «Таза Қазақстан – Таза болашақ» деген жазу жазылған.

Мурал осы жылдың сәуір айында басталған «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының аясында салынған. Осы бастама аясында елордада түрлі іс-шаралар өткізіліп, оған мыңдаған астаналық қатысты.

Тұрғындар қаланы абаттандыруға, ағаш отырғызуға, өзендерді тазартуға және рұқсат етілмеген полигондарды жоюға белсенді қатысып, әлеуметтік бастамаларға қолдау беруде.


Рекомендовать
Последние новости