Елорда мұғалімдері Кембридж университетінің педагогтарымен пікір алмасты

Dalanews 21 окт. 2019 05:47 866

«Share» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласына келген Кембридж университетінің педагогтары елордалық мұғалімдермен бірлесіп, мектеп кестесін, оқытудың жаңа әдістерін, оқушыларды ынталандыру жүйесін талқылады.

лордада «SHARE» пилоттық жобасы іске қосылды. Үш күндік семинар барысында шетелдік қонақтар «мектеп көрінісі», «білім берудегі көшбасшылық», «іс-әрекеттегі практиканы зерттеу» сессияларын өткізеді, оқушылармен кездесіп, білім беру жүйесінің тәжірибесімен бөліседі.

Жобаға қаланың 5 мектебі қатысуда. Қала әкімі Алтай Көлгінов шетелдік тәжірибе алмасу – әлемдік тренд, «тек білім арқылы ғана табысқа жетуге болады» деп атап өтті.


– Сіздер жаңа әдістеме арқылы білім алып, біліктіліктеріңізді арттыру үшін қолайлы жағдай жасаймыз. Сіздің мәртебеңіз оқыту сапасына тікелей байланысты. Егер бала таңертең мектепке асық болса, аса қуанышпен сабақ оқыса – бұл сіздің жетістігіңіз. Мектеп директоры қандай импульс пен бағыт берсе, мектеп те сондай болмақ. Елордада халық санының өсуі байқалады, оның ішінде оқушылар саны өсуде. Балалардың болашағы, олардың білімі сіздерге байланысты, – деп атап өтті А. Көлгінов.

Елорда әкімі тәжірибе алмасу бойынша осындай жобалар басқа мектептерде де өткізілетінін атап өтті.

 

Рекомендовать
Последние новости