Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейетінін айтты

Dalanews 26 февр. 2021 11:28 981

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында ел астанасында көру қабілеті нашар бүлдіршіндерге арналған балабақша, ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік беретін бірқатар оңалту орталықтары ашылатынын мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Осы көктемде қалада көру қабілеті нашар балаларға арналған мамандандырылған балабақша ашылады. 90 орынға есептелген мекеме Сарыарқа ауданында орналасады. Сонымен бірге, биыл ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қамтуды кеңейтетін бірқатар оңалту орталықтарын ашамыз.

Жүйелі негізде мүмкіндігі шектеулі тұрғындарды оңалту үшін жағдай жасау маңызды. Мәселен, өткен жылы ғана БЦП, аутизм, Даун синдромы сынды диагнозы бар балаларды оңалтумен айналысатын бірқатар ірі оңалту орталықтары ашылды. Мәселен, «Асыл Мирас» аутизм орталығы арқылы аутистік спектрді 50% көбірек қамтыдық. Бұл жоба Болат Өтемұратов қорымен бірлесе жүзеге асырылуда. Сол үйде орналасқан тағы бір оңалту орталығы БЦП, аутизм диагнозы және басқа да бірқатар аурулары бар балалармен айналысады.


№1 қалалық балалар ауруханасы базасында Тұңғыш Президент Қоры мен «Самұрық-Қазына» қолдауымен өткен жылдың күзінде «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Бұл ДЦП диагнозы бар 600-ге жуық баланы жыл сайын қосымша тегін медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.

Қала аудандарында «үй жанындағы дәрігер» атты 29 нысан ашылмақшы. Ипподром базасында балалар иппотерапиямен айналыса алатын жабық манеждің құрылысын жүргізіп жатырмыз. «Жастар» сарайында ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін қолжетімді бассейн болады. Инватакси саны 2 есеге артады.

Жаңа үйлердің бірінші қабаттарында «қадамдық қолжетімділік» қағидатына сай балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар, үйдің жанындағы дәрігер және т.б. нысандар ашамыз.


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында Президент ерекше қажеттілігі бар балалардың саны өсіп келе жатқанын, оларға жан-жақты кешенді оңалту қажет екенін, "алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары жанындағы әлеуметтік қызметтердің жұмысын күшейту қажет" екенін атап өтті.

Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды оңалту үшін жағдай жасау бойынша жұмысты жүйелі негізде жалғастырамыз", - деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Рекомендовать
Последние новости