Эльдар Сәрсенов "JP Finance Group" ЖШС-ның Бас директоры болып тағайындалды

Кәмшат Тілеухан 26 нояб. 2024 09:47 514

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) Эльдар Сәрсеновтың өзіне тиесілі "JP Finance Group" ЖШС-ның Бас директоры лауазымына ұсынылған кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Эльдар Сәрсенов 1984 жылы 4 қарашада дүниеге келген. The Suffolk University (Бостон, АҚШ)скери әкімшіліктендіру бакалавры"мамандығы бойынша білім алған. The Northeastern University (Бостон, АҚШ)скери әкімшіліктендіру магистрі" атанды. Әр жылдары ол маркетинг менеджерінің көмекшісі, Helios жанармай құю станциялары желісіндегі сату және маркетинг жөніндегі директордың орынбасары болды. Швейцариялық TAG Heuer (АҚШ) сағат компаниясында маркетинг жетекшісі, "Нұрбанк"АҚ Басқарушы директоры болды.

2015 жылғы қарашадан 2021 жылғы тамызға дейін "Нұрбанк"АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2024 жылғы 13 қарашадан бастап Эльдар Сәрсенов - Нұрбанктің Директорлар кеңесінің төрағасы.

Айта кетсек, Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі - Сәрсеновтар отбасына "Нұрбанк" АҚ, "Виктория" сақтандыру компаниясы,JPFinance Group LLP,"Кастинг" ЖШС,Helios ЖМҚС желісі, "Ақсай" нан-тоқаш комбинаты тиесілі. Бұдан бөлек, "AltynEx Company" АҚ, "Көкше-Цемент " ЖШС, "Кастинг" ЖШС металлургиялық компаниясы, "Француз үйі" сауда желісі, "Oil Real Estate" ЖШС (жылжымайтын мүлікті басқару), "Компания Нефтехим LTD" ЖШС (полипропилен өндірісі), "Caspian Food" ЖШС, "Caspian Food" ЖШС, "Текелі тау-кен өңдеу кешені сынды әртараптандырылған бизнес көздері тиесілі.


Рекомендовать
Последние новости