ЭКСПО-ға қатысты жаңа ұрлық ісі тергеліп жатыр – қаржы офшорға кеткен болуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 30 мая 2025 18:03

ЭКСПО-ға қатысты жаңа ұрлық ісі тергеліп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанның бас прокуроры Берік Асыловтың мәлімдеуінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ЭКСПО жобасына қатысты жаңа қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта барлық қатысушылар мен қаражаттың шетелге – офшорлық аймақтарға шығарылғанын анықтау мақсатында кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

Бұл ЭКСПО-ға байланысты бірінші қылмыстық іс емес. Бұған дейін осы іспеттес қаржы жымқыру фактілері бойынша 23 адам сотталған болатын. Олардың қатарында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев те бар. Ол 2016 жылы 14 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленген.

Еске салайық, "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы топ-менеджері Мұрат Омаровтың жуырда  берген сұхбаты қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Миллиардтаған қаржы жымқырылған атышулы іске байланысты ол тергеудің әділетсіз өткенін хабарлаған еді. Кейінгі уақытта түрлі деңгейдегі бұрынғы шенеуніктердің бірінен соң бірі осылайша мәлімдеме жасай бастауы — қоғамда "ақталу науқаны" жүріп жатқандай әсер қалдырады.Осыған байланысты Dalanews.kz тілшісі саясаттанушы Дос Көшімнің пікірін сұрап білген еді. 

"Шенеуніктердің бірінен соң бірінің ақталуы – қалыпты құбылыс. Кез келген лауазымды тұлға өзіне қатысты іс қозғалғанда не қылмыстық күдік туындағанда, өзін қорғауға тырысады. Бұл – жазадан құтылудың бір амалы ғана және мұнда ерекше мән іздеудің қажеті жоқ.

Ең бастысы – жемқорлықпен айналысатын жоғары лауазымды тұлғалар туралы ашық айтылмайды. Қоғамда жауапкершілік көбіне төменгі деңгейдегі қызметкерлерге жүктеледі, ал олар өз кезегінде одан да төмендегілерге сілтейді. Яғни, кінәлілерді шын мәнінде жауапқа тарту механизмі сол қалпында өзгеріссіз қалып отыр", — дейді саясаттанушы.

Дос Көшімнің сөзінше, жоғарыдағы саяси элиталар арасында алдын ала келісім міндетті түрде болады. 


Рекомендовать
Последние новости