Экс-министр Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды

Қаракөз Амантай 28 мар. 2024 14:52 3429

Экс-мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Енді ол Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарады.

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ол бұған дейін Amanat партиясының жауапты хатшысы, 2021-2022 жылдары Астана әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2023 жылдың 4 қаңтары мен қыркүйек аралығында мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Өткен жылдың күзінде Мемлекет басшысының жарлығынан кейін министр қызметінен босатылды.


Рекомендовать
Последние новости