Екі жыл халықаралық іздеуде болған Мұрат Боранбаев ұсталды

Қаракөз Амантай 20 июн. 2025 14:50

Алматыдағы ақылы автотұрақтар ісі бойынша басты фигурант саналатын Мұрат Боранбаев ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл ақпаратты Қаржы мониторингі агенттігі Tengrinews.kz-ке растады.

Тергеу мәліметінше, Мұрат Боранбаев мемлекет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінген. Осы себепті ол 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде болған.

Мемлекеттік сатып алулар сайтындағы деректерге сәйкес, Мұрат Боранбаев 2017 жылы "Alan Parking" ЖШС-нің басшысы болған.

Сол жылы, 2022 жылдың сәуірінде, аталған компанияның директоры Мұхтар Базарбаевтың ұсталғаны хабарланды. Артынша "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры Марат Принбековке де қамауға алу шарасы қолданылған.

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі бизнесмен Мұрат Боранбаевқа іздеу жариялаған еді. Мұрат Боранбаевқа іздеу салу туралы ақпарат Құқықтық статистика органдарының порталында жарияланды.

Іздестіруді жүргізетін орган ретінде Алматы бойынша экономикалық тергеу департаменті көрсетілген.

Мұрат Боранбаев 1970 жылы туған, ҚР азаматы.

Кей дереккөздер оны Қайрат Боранбаевтың інісі деп жазады.


Рекомендовать
Последние новости