Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әйелдің рөлі

Жарбол Кентұлы 13 авг. 2025 14:24

Ислам дінінің негізіне үңілсек, дінді жеткізуде әйел адамның орны ерекше болған. Оның жарқын мысалы – мүміндердің анасы Айша (р.а.). Ол кісі білім тереңдігімен танылып, көптеген ер сахабалар діни мәселелер бойынша одан кеңес алып, сұрақтарына жауап іздеген.

Сол секілді бүгінгі қоғамда да әйелдің білімді болуы – аса маңызды. Себебі әйел – ұрпақтың тәрбиешісі. Бала ең алдымен анадан тәлім алады. Анасы білімді, көргенді, салиқалы болса, бұл қасиеттер бала бойында да көрініс табады.

Қазақта «Алла ер адамға несібесін шашып берген, ал әйел адамға үйіп берген» деген сөз бар. Ер адам сыртта жүріп, сол несібесін жиып, отбасына әкелсе, әйел адам сол берекені ұйытып, шаңырақтың шырағын жағады.

Тарихымызда да білімді, дана, батыр аналарымыз аз болмаған: Зере ана, Домалақ ана – ақылы мен парасатының үлгісі болса, Әлия мен Мәншүк – батырлықтың символы.

Исламда қыз бала – әкесіне жұмақтың есігі, жұбайына – иманның толықтаушысы, ал ана ретінде – аяғының астында жұмақ бар тұлға.

 


Рекомендовать
Последние новости