Дәрігерлер біліктілігін жетілдірді

Dalanews 30 янв. 2015 05:34 930

Қызылорда облысының 1500-ден астам денсаулық сақтау мамандары бір жылдың ішінде қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде біліктілігін арттырып, қайта даярлаудан өтті.

Қызылорда облысы әкімдігі мен Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес 2013-2014 жылдары денсаулық сақтау мамандарын оқыту бойынша көптеген шаралар жүзеге асырылды. Әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша 2014 жылы 1046 маман оқып шықты, ол 2013 жылмен салыстырғанда 648 тыңдаушыға артық.

123Жыл бойына Қызылорда облысының ауылдарындағы медицина қызметкерлерін оқытуға Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің терапия, медициналық оңалту, неврология, акушерия және гинекология, дерматовенерология, фтизиатрия, жалпы дәрігерлік практика, нефрология, фармакология, балалар неонатальді анестезиология және реаниматология және т.б. 67 кафедрасының барлығының оқытушылары барды. Соның нәтижесінде бір жыл ішінде Қызылорда облысында 20 мамандық бойынша 1046 маман өз біліктіліктерін арттырды. Оның ішінде 650-і дәрігер, 246-сы мейіргер және 150-і парамедиктер (медициналық білімсіз  мамандар).

Дәрігерлер мен мейіргерлердің білімі мен дағдысын жетілдіру жұмыстан қол үзбей тікелей сол облыста өткізілуі, іссапарға кететін миллиондаған шығындарды үнемдеуге алып келді. Бұдан басқа, ауыл медицина қызметкерлері 9 мамандық бойынша Алматы қаласындағы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті базасында қайта даярлаудан өтті. Өз кезегінде Қызылорда облысының тұрғындары ынтымақтастық туралы Меморандумның аясында Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің профессорларынан консультативтік-диагностикалық көмек алды. Бұл іс-шара, яғни, мамандарды оқыту өңірдің білікті кадрларға деген сұранысын ескере отырып өткізілгендігін атап өтуіміз керек. Бұған өңірлік денсаулық сақтау жүйесін зерттеу өз септігін тигізді.

ҚазМҮББУ-мен ынтымақтастық Қызылорда облысы медицина кадрларына диагностика мен емдеудің жаңа технологияларын игеруге көмектесті. Өңірлердегі ауыл мамандарының (Қызылорда облысы халқының 57% ауылдық елді-мекендерде тұрады) біліктілік арттыруға өте мұқтаж екендігін айтып өткеніміз жөн, себебі медицина бір орында тұрған жоқ, замануи құрал-жабдықтар сатып алынып, көпсалалы клиникалар салынуда, мамандардың тағылымдамаға баруына көп жағдайларда түрлі себептермен мүмкіндіктері бола бермейді. Заманауи денсаулық сақтаудың мәселелерін түсіне отырып, ҚазМҮББУ өңірлерді қамту жұмысын мақсатты түрде жүргізуде, барлық облыстық денсаулық сақтау басқармаларымен меморандумдер жасалды, ҚР-ның 12 өңірінде ҚазМҮББУ өкілдері жұмыс істеуде.

 

Рекомендовать
Последние новости