ДӘРІГЕРЛЕР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛЫ

Dalanews 17 февр. 2015 05:23 1181

Алматы қаласында осы жылдан бастап патронажды қызметті қайта құру мен алғашқы медико-санитариялық көмек көрсету қызметін жетілдіру жөніндегі алғашқы жобаны жүргізу жолға қойылды. Ол 2015-2017 жылдарға жоспарланған. Бұл жоба ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігі мен Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің бастамасы. Сондай-ақ, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы да бұл жобаға белсенді қатысуды қолға алып отыр.

Жобаның мақсаты: тіркелген тұрғындарға үздік еуропалық тәжірибе трасфері жолымен алғашқы медико-санитариялық көмек көрсету қызметін жетілдіру және потронажды (үйіне барып) жәрдем беру жүйесін тиімді ұйымдастыру.

Бүгінгі күні, ҚазМҮББУ-і Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасымен бірге №17 және №5 қалалық емханаларда бұл жоба жұмыстарын бастады. Ынтымақтастық аясында ең алдымен емханалардың кадрлық ресурстарына анализ жасалады. Сонымен қатар, тіркелген тұрғындарға алғашқы медико-санитариялық көмек көрсету және потронажды жәрдем берудің жағдайы, қолданыстағы регламенттеуші құжаттардың еуропалық стандартқа сәйкестігі зерттеледі. Бұл жұмысқа ЮНИСЕФ және JAMK Университетінен (Финляндия), Данди Университетінен (Ұлыбритания), патронажды медбикелер Институнынан (Ұлыбритания) шақырылған шетел кеңесшілері көп көмек көрсетуде. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің және шетелдің беделді медициналық университеттерінің жетекші мамандарынан құралған сарапшылар тобы үш жыл уақыт ішінде Алматы қалалық емханаларында жұмыс жасайды.

Басым көңіл жалпы практикалық дәрігерлер, мейіргерлер жұмысына, сонымен қатар, патронажды қызметті қайта құруға бөлінеді. Еуропа елдерінің тәжірибесі тұрғындарға тиімді медициналық көмек көрсетуде негізгі жұмысты атқаратын жалпы практика дәрігерлерінің және орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды басты назарда ұстауды көрсетеді. Терапевтік медицина – ол сырқаттың диагностикасы мен дұрыс емделуі ғана емес,  сондай-ақ, науқасқа профилактика өлшемдерін үйрету, оларға салауатты өмір салтын ұстануға қатысты тиісті ақпараттарды беру.

Мұндай алғашқы жоба шеңберінде қалалық емханалардың медицина қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби дамуына арнайы оқу бағдарламалары және дәрігерлер мен мейіргерлерге жаңа қызметтік нұсқаулық жасалады, бақылау мен мониторинг үшін олардың жұмыстарының сапа индикаторы анықталады. Сонымен бірге, жоба аясында жалпы практика дәрігерлері мен мейіргерлер жұмыс орындарында да және ірі шетелдік орталықтар базасында білімін жетілдіре алады.

 

Рекомендовать
ҰСТАЗ ЖҮРЕГІ
ҰСТАЗ ЖҮРЕГІ 17 февр. 2015 05:32
Последние новости