Дабыл жүйесі істен шыққан: Нұрәлі Әлиев Антикордың назарына ілікті

Dalanews 24 янв. 2024 07:25 1985

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Алматыдағы жер сілкінісін хабарлайтын дабыл жүйесіне қатысты тексеріс болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тиісті өтінішті ведомствоның Алматы қаласындағы департаменті тіркеген.

"Біз ақпараттан хабардармыз, әріптесіміз және қоғамдық кеңестің мүшесі Дидар Смағұловтың жазбасын оқыдық. Бұл дерек бойынша агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті қоғамдық бірлестіктің өтінішін тіркеді. Қазір материалдар тексеру үшін уәкілетті органға жіберілді. Олардың нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады, ол туралы БАҚ пен жұртшылыққа хабарлаймыз", - деді Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов.


Сонымен қатар, Тілеукенов өтінішті ең алдымен мемлекеттік аудит департаментіне бағыттайтындарын жеткізді. Ал кейін тексеріс жүргізілген соң нәтижелері бойынша Антикор процессуалдық шешім қабылдайды екен.

Бұған дейін "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов Facebook-те Алматыдағы жер сілкінісі туралы ертерек хабарлауға жауапты және бұл қызметі үшін 1,1 миллиард теңге алған компания Нұралы Әлиевке тиесілі деп мәлімдеген болатын.

Коллаж: Dalanews.kz

 

https://dalanews.kz/sadak/98101-dabyl-zhuyesi-unsiz-qaldy-bugan-nural

Рекомендовать
Последние новости