CҚО тұрғындары Қазақстан халқы Ассамблеясына алғыстарын білдірді

Жарбол Кентұлы 15 апр. 2024 21:38 2140

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» арнайы жобасы аясында су тасқынынан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына көмектесуде. Кезекті қайырымдылық акциясы аясында елордалық Достық үйінен өңірге 25 млн теңге болатын 7 гуманитарлық жүк көлігі келіп жетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар үшін аранайы жетікізілген 35 тоннаға жуық гуманитарлық көмек азық-түлік, алғашқы кезде қажетті заттардан құралған.

Гуманитарлық көмекті ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚХА республикалық штабының басшысы Ақбаржон Исмаилов, республикалық штабтың өкілі Александр Урмашов, «Ассамблея жастары» еріктілері қарсы алды.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Қазақстан халқы Ассамблеясының Тәжік республикалық этномәдени орталығының кәсіпкерлеріне қолдау көрсеткендері үшін алғыстарын білдіреді.

ҚХА-ның 12 мыңға жуық еріктілері жұмылдырылған жобаға қолдау білдіргендер көп.

Жалпы, зардап шеккен аймақтарға 866,5 тонна азық-түлік пен қажетті тауарлар жөнелтілген. Ассамблея мүшелері көрсеткен гуманитарлық көмектің жалпы сомасы шамамен 565,3 млн теңгені құрайды.

Айта кетейік, барлық өңірлерде ҚХА Достық үйлерінің негізінде гуманитарлық көмек жинау пункттері жұмыс істейді, онда кез келген азамат көмекке өз үлесін қоса алады.


Рекомендовать
Последние новости