Бишімбаевтың адвокаты: үш рет қана соққыға жыққан, бұл жүйелі түрде азаптау ма?

Сағыныш Сардарова 03 мая 2024 12:42 3127

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот жарыссөзінде оның адвокаты Ерлан Ғазымжанов бірнеше мәрте ескерту алды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қорғаушының сөзінше, Бишімбаев Нүкенованы жүйелі түрде азаптады деуге негіз жоқ.

"Қылмыстық кодекстің бабын ашсаңыз, онда азаптау не екені жазылып тұр. Азаптау - жүйелі түрде соққыға жығу. Бірақ олар бірге өмір сүрген жылдағы үш жағдай жүйелі түрде соққыға жығуға жата ма? Олар қыдырып, демалды, қалаған жеріне барды, қалағанын жеді, қымбат зергерлік бұйымдар тақты, қымбат киім киді және үш рет келіспеушілік болды, осының бәрі жүйелі азаптау ма?" - деді адвокат.

Судья Айжан Құлыбаева қорғаушыға тағы да осындай мәлімдемелер жасаса, сот тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын ескертті.

"Сіздің ескертуіңізді түсіндім. Бірақ, құрметті сот, сіз тек маған ескерту жасайсыз. Неліктен басқаларға олай қарамайсыз?" - деді адвокат.

"Қорғаушы, бір минут. Сіз қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын білесіз. Тағы осылай әрекет етсеңіз, тағы да айтамын: сот соған сәйкес жауап беруге мәжбүр болады. Бұл қорқыту емес. Бұл - сіз қазір қылмыстық іс жүргізу заңнамасын бұзған нәрсе. Сіз қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын бұзбай сөзіңізді жалғастыра аласыз", - деді судья.

Ғазымжанов мәлімдеме жасауын жалғастырды, бірақ біраз уақыттан кейін судья одан орнына баруды өтінді.

"Қорғаушы, сіздің ұстанымыңызды ескере отырып, сізге тағы да мұқият түсіндіруім керек екен, өйткені сіз түсінбейсіз. Сот сізге үш рет ескерту жасады. Сіз түсінбегендіктен, тағы да түсіндіремін. Сот жарыссөздерінде тараптар этикаға жат, әдепсіз мәлімдемелерге жол бермеуі керек. Сіздің осы уақытқа дейін айтқаныңыз мораль, мінез-құлық нормаларына сәйкес келмейді. Не айтып тұрғаныңызға жауап беруіңіз керек", - деп қорытындылады Айжан Құлбаева.


Рекомендовать
Последние новости