Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляция басталды

Сағыныш Сардарова 26 июн. 2024 10:03 2371

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық соты басталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін Жоғарғы сот Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түскенін хабарлады. Судьяның 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға сағат 10.00-ге белгіленген еді.

Сот отырысы тікелей эфирде өтіп жатыр.

Бұған дейін Мәжілісте Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина бұл шағым қанша уақытқа дейін қаралуы мүмкін екенін айтты.

Мәжіліс кулуарында Жоғарғы сот өкілі сотқа алқабилер қатысса да сотталушылар шағымдана алатынын мәлімдеді.

"Алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімге тараптар шағымдана алады. Ол үшін апелляциялық саты бар. Келіспесе, шағымдануға құқылы", - деді сот алқасының төрағасы.

Рахметуллинаның сөзінше, апелляция бір ай ішінде қаралады. Бірақ бұған кейбір жайттар әсер етуі мүмкін.

"Апелляциялық органдар қарауға үлгермей жатқан жағдайларда ұзаруы мүмкін. Мысалы, адвокаттар белгілі бір күндері қатыса алады және т.б. Заң бойынша сотталғандардың апелляциялық сатыдағы сотқа қатысуы сот тергеуі қайтадан жүргізілген кезде міндетті саналады. Яғни, кейбір қосымша дәлелдемелерді зерттегенде ғана, басқа жағдайларда сотталушының қатысуы қажет екенін немесе қажет емес екенін апелляциялық орган өзі шешеді", - деді ол.

Айта кетейік, Бишімбаев 24 жылға, Байжанов 4 жылға сотталған еді.


Рекомендовать
Последние новости