Бишімбаев ісі: Бас прокуратура маңызды мәлімдеме жасады

Сағыныш Сардарова 13 мар. 2024 09:49 2770

Бас прокуратура әйелін өлтірді деген айып тағылып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты маңызды мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Құзырлы орган мәліметінше, медиа-кеңістікте Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелеріне күмән келтіретін материалдар жарияланып жатыр.

"Мұндай мәліметтерді тарату оның нақты іс бойынша объективті және әділ сот төрелігін жүзеге асыруына кедергі жасау мақсатында сотқа әсер ету нысаны ретінде бағалануы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 407-бабына сәйкес соттың қызметіне араласуға жол берілмейді және ондай әрекет үшін жазаланады.

Көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделген", - деп ескертті прокуратура өкілдері.

Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтар мен БАҚ-ты заңдылықты сақтауға шақырды, қылмыстық құқықбұзушылықтар жасаумауға кеңес беріп, соттың қызметiне араласпауды ескертті.

Еске салайық, былтыр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қамауға алынған еді. Оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болды.

Ал биыл 11 және 12 наурызда алдын ала тыңдау өтті. Экс-министр сот отырысы барысында тосын мәлімдеме жасады. Тіпті ол тағылған айыпты мойындамайтынын да айтты.


Рекомендовать
Последние новости