Биыл екі мыңнан астам қазақстандық ұлтын өзгертуге өтініш берген

Көркем Алдабергенова 30 окт. 2025 17:18

Биыл екі мыңнан астам қазақстандық ұлтын өзгертуге өтініш берген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері азаматтардан ұлтын өзгерту жөнінде 2 272 өтініш түскен. Бұл өтініштер жаңа жеке куәлік пен паспорт рәсімдеу кезінде берілген, деп хабарлады Data Hub.

Статистикаға сәйкес, апта сайын шамамен 58 адам өз ұлтын өзгертуді шешеді.

Өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Алматыда тіркелді – әр 10 мың тұрғынға шаққанда шамамен 2,5 адамнан келеді.


Рекомендовать
Последние новости